5) қорға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі ақпараттық жүйелерден ақпарат береді;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа кезде, аударымдардың және (немесе) жарналардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді;
7) аударымдарды және (немесе) жарналарды аударуды, төлеуді, олардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүзеге асыру мәселелері бойынша қажетті түсініктемелер береді;
8) аударымдардың және (немесе) жарналардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүзеге асыру үшін құжаттарды қалыптастырады және қорға береді;
9) өздері үшін мемлекет жарналар төлейтін адамдардың әлеуметтік мәртебесін жаңартып отыру жөніндегі мемлекеттік қызметтер көрсетуді «бір терезе» қағидаты бойынша қамтамасыз етеді.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы және мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында көзделген талаптардың сақталуын ескере отырып, өздерінің қарамағындағы ақпараттық жүйелерге Мемлекеттік корпорацияның өз құзыреті шегінде қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы және мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігін іске асыру шеңберінде келіп түсетін мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті жағдайлар жасауға міндетті.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын мәліметтерге Мемлекеттік корпорацияның қол жеткізуі және оларды пайдалануы уәкілетті мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қамтамасыз етіледі.
4. Мемлекеттік корпорация аударымдарды және (немесе) жарналарды есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша қормен өзара іс-қимыл жасайды.
2021.24.06. № 52-VII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша, орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.
4-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
18-бап. Қордың мәртебесі мен активтері
1. Қор жалғыз құрылтайшысы мен акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.
1) жоғары орган - жалғыз акционер;
2) басқару органы - директорлар кеңесі;
4) қордың жарғысына сәйкес өзге де органдар болып табылады.
3. Қор ішкі аудит қызметін құрады.
1) аударымдар, жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімі өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл, қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны шегергендегі инвестициялық кіріс;
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1) денсаулық сақтау субъектілерінің əскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу үшін бөлінетін бюджет қаражаты;
2) қорға түсетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылады.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Қордың активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған ағымдағы шотта жинақталады жəне тек қана мынадай мақсаттарға пайдаланылуы мүмкін:
1) денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне одан əрі ақы төлеу үшін қордың мемлекеттік қазынашылықта ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шотына аударымдар;
2) қаржы құралдарына орналастыру;
3) аударымдардың жəне (немесе) жарналардың артық төленген сомаларын, қате есепке жатқызылған өзге де қаражатты қайтару.
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-1-тармақ өзгертілді
5-1. Қорға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін бюджет қаражаты мемлекеттік қазынашылықта ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жатқызылады.
Осы Заңның 26-бабының 1-тармағында, 26-1-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар үшін мемлекеттің міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары жəне денсаулық сақтау субъектілерінің əскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу үшін берілетін трансферттер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған ағымдағы шотқа есепке жатқызылады.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Қордың активтері және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін бюджет қаражаты:
1) кепіл нысанасы бола алмайды;
2) оларды кредиторлардың талабы бойынша өндіріп алуға болмайды;
3) мүлікке тыйым салу немесе өзгеше түрде ауыртпалық салу нысанасы бола алмайды;
4) оларды қордың және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша инкассолық өкіммен өндіріп алуға болмайды;
5) осы Заңның 21-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды сенімгерлік басқаруға беруге болмайды;
6) мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы бола алмайды.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қор өз қызметін инвестициялық қызметтен түсетін түсімдерді шегергендегі қордың активтерінен алынатын комиссиялық сыйақы есебінен жүзеге асырады. Комиссиялық сыйақы көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартынан туындайтын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметтер көрсеткені үшін қордың ақы төлеуі жөніндегі міндеттемелерді, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде артық төленген міндеттемелерді орындау нысанасы болып табылмайды.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қордың меншікті қаражаты (мүлкі) қордың жарғылық капиталынан, комиссиялық сыйақыдан және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, қорға түсетін өзге де түсімдерден құралады және солардан тұрады.
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қор мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:
1) аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды;
2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді;
3) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қызметтің өзге түрлерін жүзеге асырады.
4. Қор мемлекеттік монополиямен технологиялық байланысты мынадай қызмет түрлерін:
1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізуді;
2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізуді;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйесі мен электрондық ақпараттық ресурстарын құруды және дамытуды жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
6. Қордың қызметіне осы Заңда реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы қолданылады.
20-бап. Қордың құқықтары мен міндеттері
1) өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қордың активтерінен комиссиялық сыйақы алуға;
2) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттаманы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардан сұратуға және алуға;
3) медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісіне бару арқылы көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер құруға;
5) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек тізбесін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтердің мөлшерлерін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға;
6) халық пен денсаулық сақтау ұйымдарының арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық және түсіндіру жұмысын жүргізуге;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүзеге асыруға;
2) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарымен денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне уақтылы ақы төленуін қамтамасыз етуге;
3) қордың уақытша бос тұрған қаражатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы қаржы құралдарына орналастыруға;
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) медициналық қызметті рұқсат беру құжаттарынсыз (лицензиясыз, лицензияға қосымшасыз) жүзеге асыру фактілері анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты жасалған денсаулық сақтау субъектісіне жасалған көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты сомасының 10 пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын қолдануға;
4) жыл сайынғы тәуелсіз аудиттің жүргізілуін қамтамасыз етуге;
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүзеге асыруға;
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервті қалыптастыруға;
7) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке жұмсалатын шығындарды жоспарлауға;
8) денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізуге;
9) азаматтар мен денсаулық сақтау ұйымдарының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету мәселелері жөніндегі шағымдары мен өтініштерін қарауға;
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9-1) осы Заңның 26-1-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдар үшін мемлекеттің міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарына арналған жергілікті бюджет қаражатына ай сайынғы қажеттілікті қалыптастыруға жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті атқарушы органдарына осындай қажеттілік туралы өтінімдер жіберуге;
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
9-2) тоқсан сайын өзінің ресми интернет-ресурсында:
есепті кезеңде түскен қаражат көлемін;
сомаларын көрсете отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек түрлеріне бөлінетін қаражат туралы мəліметтерді;
көрсетілген қызметтер үшін медициналық ұйымдарға төленген қаражат туралы мəліметтерді;
қордың əкімшілік шығыстары туралы мəліметтерді жариялауға;
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
9-3) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде денсаулық сақтау субъектілерінен қаражатты қайтару бойынша шаралар қабылдауға;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
1) осы Заңда көзделген жағдайлардан басқа, қордың активтеріне билік етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген кәсіпкерлік және өзге де қызметпен айналысуға құқылы емес.
21-бап. Қордың инвестициялық қызметі
1. Қор инвестициялық қызметті қор мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалатын сенімгерлік басқару шартының негізінде қордың активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы қаржы құралдарына орналастыру арқылы жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қордың активтерін шоғырландыру және орналастыру, инвестициялық кіріс алу жөніндегі барлық операциялардың есебін жүргізеді және жасалған сенімгерлік басқару шартына сәйкес шоттардың және инвестициялық қызметтің жай-күйі туралы есепті қорға тоқсан сайын ұсынады.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22-бап. Есеп және есептілік
1. Қор Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен меншікті қаражаты бойынша бухгалтерлік есеп жүргізеді, қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады.
2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу қаражаты бойынша қор:
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бухгалтерлік есепті жүргізеді;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен есептілікті жасайды және ұсынады.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қордың қаржылық есептілігіне және медициналық көмек көрсетуге арналған қаражат бойынша есептілігіне аудит Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24-бап. Қордың басшы жұмыскерлеріне қойылатын талаптар
1. Атқарушы органның бірінші басшысы және оның орынбасарлары қордың басшы жұмыскерлері болып табылады.
2. Қордың басшы жұмыскерлеріне мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары кәсіптік (медициналық немесе қаржылық-экономикалық) білімінің болуы;
бағалы қағаздар нарығындағы және қаржы нарығында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардағы кәсіптік қызметпен тікелей байланысты басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің не квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі не мемлекеттік қызметте кемінде он жыл өтілінің, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшы лауазымдарда кемінде бес жыл не денсаулық сақтау саласында басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.
1) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
2) бұрын осы адам заңды тұлғаның бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері лауазымында болған кезеңде банкрот деп танылған немесе санацияға, консервацияға, мәжбүрлеп таратуға ұшыраған заңды тұлғаның бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері болған адам қордың басшы жұмыскері бола алмайды.
5-тарау. МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қаржыландыру көздері:
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) аударымдар, жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімінің өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл және инвестициялық кіріс;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер болып табылады.
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 26-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26-бап. Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға республикалық бюджет қаражатынан төленетін жарналары
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға республикалық бюджет қаражатынан төленетін жарналары мынадай адамдар:
1) балалар;
2) 2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) жұмыс істемейтін, мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тəрбиелеп отырған анаға немесе əкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын жəне төленетін мемлекеттік жəрдемақыны алушылар;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 6-1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1) жұмыс істемейтін, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға берілетін мемлекеттік жəрдемақыны алушылар;
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;
10) жұмыс істемейтін қандастар;
11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) мүгедектігі бар адамдар;
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
14) 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.
Осы тармақтың мақсаттары үшін кәсіпкерлік қызметті немесе еңбек қызметін жүзеге асырмайтын және кірісі жоқ адамдар жұмыс істемейтін адамдар деп түсініледі.
2016.22.12. № 29-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Қорға төленуге жататын, мемлекеттің міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға республикалық бюджет қаражатынан төленетін жарналары мынадай мөлшерде белгіленеді:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,4 пайызы;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,6 пайызы;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,7 пайызы;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,8 пайызы;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,9 пайызы;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызы;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 2,2 пайызы;
2029 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 2,7 пайызы;
2031 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 3,2 пайызы;
2033 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 3,7 пайызы;
2035 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 4,2 пайызы;
2037 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 4,7 пайызы.
Бұл ретте мемлекеттің республикалық бюджет қаражатынан төленетін жарналарының мөлшері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленеді.
2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, ағымдағы қаржы жылының алдындағы екі жылдағы орташа айлық жалақы мемлекеттің республикалық бюджет қаражатынан төленетін жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
4. 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.24.06. № 52-VII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қор растайтын құжаттар болған кезде осы баптың 1-тармағында аталған адамдарға қордың ақпараттық жүйесінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы мәртебесін мемлекеттің республикалық бюджет қаражатынан төленетін жарналары төленгенге дейін бір айға береді.