«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V Заңы (2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

 

2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 26-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

26-1-бап. Мемлекеттің міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға жергілікті бюджет қаражатынан төленетін жарналары

1. Мемлекеттің міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға жергілікті бюджет қаражатынан төленетін жарналары:

1) субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылған немесе жұмыс берушінің жұмыс орнында кəсіптік оқытуға жіберілген адамдарды қоспағанда, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

2) осы Заңның 26-бабының 1-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының əлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сəйкес соңғы үш ай бойы міндетті зейнетақы жарналарын аудармаған жəне əлеуметтік саламаттылықтың дағдарыстық немесе шұғыл деңгейіне жататын жұмыс істемейтін адамдар үшін төленеді.

Осы тармақшаның мақсаттары үшін жұмыс істемейтін адамдар деп кəсіпкерлік қызметті немесе еңбек қызметін жүзеге асырмайтын жəне кірісі жоқ адамдар түсініледі.

2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдар үшін жарналар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тəртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.

Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдар үшін жарналар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тəртіппен ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін ай сайын, мұндай адамдар міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке жүгінген күнге тура келетін айдан кейінгі айдың алғашқы он жұмыс күні ішінде төленеді.

3. Қорға төленуге жататын, мемлекеттің міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға жергілікті бюджет қаражатынан төленетін жарналары мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

4. Мемлекеттік статистика саласындағы уəкілетті орган айқындайтын, ағымдағы қаржы жылының алдындағы екі жылдағы Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі орташа айлық жалақы мемлекеттің жергілікті бюджет қаражатынан төленетін жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

 

27-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар

2016.22.12. № 29-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Жұмыс берушілердің қорға төленуге жататын аударымдары:

2017 жылғы 1 шілдеден бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 1 пайызы;

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 1,5 пайызы;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 2 пайызы;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - аударымдарды есептеу объектісінің 3 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ өзгертілді

1-1. Бірыңғай төлем төлеушілер үшін Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 822-бабының 1-тармағында белгіленген бірыңғай төлем мөлшерлемесінен аударымдар мөлшері:

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 15,0 пайызды;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 13,95 пайызды;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 12,6 пайызды;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 12,1 пайызды;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 11,6 пайызды;

2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 11,4 пайызды құрайды.

2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген, кіріс түрінде жұмыскерге, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшіге төленетін жұмыс берушінің шығыстары аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.

2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-1-тармақ өзгертілді

2-1. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 802-бабының 2-тармағында көрсетілген, арнаулы салық режимдерін қолданатын, микрокəсіпкерлік жəне шағын кəсіпкерлік субъектісі болып табылатын, жұмыс берушінің жұмыскерге Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 426-бабында көзделген кіріс түрінде төлейтін шығыстары аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.

2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-2. Аударымдарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс жұмыскердің барлық есепке жазылған кіріс түрлерінің сомасы бойынша есептелуге тиіс жəне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 40 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Жұмыс берушілер:

1) осы Заңның 26-бабы 1-тармағының 1), 5), 7), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген адамдар;

2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) өздеріне қатысты әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға келу туралы бұйрығы шыққан, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілер;

3) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) құқық қорғау органдарының қызметкерлері;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

5) азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үшін аударымдар төлеуден босатылады.

 

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

28-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары

2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалардың және жеке көмекшілердің қорға төлеуге жататын жарналары мынадай мөлшерде белгіленеді:

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы.

2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген жұмыскерлердің қорға төленуге жататын жарналары:

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 10,0 пайызы;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 9,3 пайызы;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 8,4 пайызы;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 8,1 пайыз;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 7,8 пайызы;

2028 жылғы 1 қаңтардан бастап бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 7,6 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

2. 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің бес пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында аталған адамдардың жарналары жарналарды есептеу объектісінің бір пайызы мөлшерінде айқындалады.

2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Дербес төлеушілердің жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

Бірінші бөлік 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)

4-1. Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.

2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалардың және жеке көмекшілердің осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген кірістері олардың жарналарын есептеу объектілері болып табылады.

Екінші бөлік 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

Егер осы тармақтың үшінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жеке практикамен айналысатын адамдарды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлерді қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 1,4 еселенген мөлшері дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында аталған адамдардың осы Заңның 29-бабына сəйкес есептелген жəне қолданатын режим шеңберінде қызметін жүзеге асырған айда алған кірістері олардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-1-тармақ өзгертілді

5-1. Жұмыскердің Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 426-бабында көзделген, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 820-бабының 2-тармағында көрсетілген, микрокəсіпкерлік жəне шағын кəсіпкерлік субъектісі болып табылатын жұмыс беруші есепке жазған кірісі жұмыскерлердің осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген, қорға төленуге тиіс жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 5-2-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5-2. Жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс барлық есепке жазылған кіріс түрлерінің сомасы бойынша есептелуге тиіс жəне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 20 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

Жарналар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кіріс сомасынан төленген кезде осындай жарналардың төленгенін растайтын құжат болғанда жеке тұлғаның басқа кірістерінен жарналар төлеу талап етілмейді.

Жұмыс беруші жəне (немесе) салық агенті берген, алынған кірістердің, есептелген жəне төленген жарналардың сомалары туралы анықтама осындай құжат болып табылады.

Осы тармақтың талаптары дербес төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.

2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төмен мөлшері дербес төлеушілердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жеке практикамен айналысатын адамдардың және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлердің жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

7. Қорға жарналар төлеуден мыналар:

2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) осы Заңның 26-бабының 1-тармағында, 26-1-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар;

2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) өздеріне қатысты әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға келу туралы бұйрығы шыққан, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілер;

3) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) құқық қорғау органдарының қызметкерлері;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

5) азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері босатылады.

 

 

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

29-бап. Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу үшін қабылданатын кірістер

2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Жұмыскерлер, оның ішінде мемлекеттік жəне азаматтық қызметшілер үшін мыналар аударымдарды жəне (немесе) жарналарды есептеу объектісі болып табылады:

жұмыскердің салықтық кезең үшін есептелген, төлем көзінен салық салуға жататын кірісі

алу

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 429-бабының 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, салықтық кезең үшін Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 400-бабының 1-тармағында көзделген кірістен азайтылатын кіріс.

Кəсіби қызметін жүзеге асырумен байланысты шет мемлекеттің аумағында болуы кезеңінде осы баптың 4-тармағында белгіленген кірістерді қоспағанда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық валютамен есепке жазған кірістер Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне жұмысқа жіберілген дипломатиялық қызмет персоналының кірістері болып табылады.

2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Жеке тұлғалардың кірістері үшін азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша мыналар жарналарды есептеу объектісі болып табылады:

жеке тұлғаның салықтық кезең үшін есептелген, төлем көзінен салық салуға жататын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша кірісінің сомасы

алу

салықтық кезең үшін төлем көзінен салық салуға жататын, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 400-бабының 1-тармағында көзделген кірістен азайтылатын кіріс.

2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-1. Жеке көмекшілерге төленетін кірістер олардың кірістері болып табылады.

2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 2-2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-2. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында аталған адамдардың кірістері қолданылатын режим шеңберінде қызметін жүзеге асырған ай үшін алған кірістері олардың кірістері болып табылады.

3. 2025.14.07. № 206-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Қорға аударымдар жəне (немесе) жарналар салық салу мақсатында жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайтын төлемдер мен кірістерден ұсталмайды.

1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабының 2-тармағында көрсетілген кірістер;

2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 10), 12), және 13) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабының 1-тармағында көрсетілген кірістер;

3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 654-бабының 10) тармақшасында көрсетілген кірістер;

4) гранттар қаражаты есебінен төленетін төлемдер (жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу және жеке тұлғаларға азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа);

5) жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған не жұмыс беруші заңды тұлға таратылған, жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлердегі өтемақы төлемдері.

Осы тармақтың күші мыналарға қолданылмайды:

Салық кодексінің 820-бабына сәйкес бірыңғай төлем жүзеге асырылатын қызметкерлердің кірістері;

осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында аталған адамдардың кірістері.

жеке көмекшілердің кірістері.

 

 

6-тарау. АУДАРЫМДАРДЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЖАРНАЛАРДЫ ЕСЕПТЕУ (ҰСТАП ҚАЛУ) ЖӘНЕ АУДАРУ

 

30-бап. Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару

2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады.

2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-1. Бірыңғай төлем төлеушілер Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 823-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде қорға аударымдар мен жарналар төлейді.

2. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай шарттар жасасқан салық агенттері ай сайын жүзеге асырады.

2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке көмекшілердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай шарттар жасасқан заңды тұлғалар ай сайын жүзеге асырады.

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың ай сайынғы жарналарын есептеу және төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3-1. Өздері төлейтіндердің жарналарын қорға төлеу Мемлекеттік корпорацияның қордың шотына кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.

Осы баптың 3-тармағында және осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар қорға алдағы кезеңге жарналар төлеуді жүзеге асыруға құқылы.

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды

3-2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне жұмысқа жіберілген, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналымен бірге жүретін жұбайының (бірге жүретін зайыбының) жарналарын төлеу олардың өтініші бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы қордың шотына кейіннен аудару үшін дипломатиялық қызмет персоналының жалақысынан ұлттық валютада ұстап қалу жолымен жүргізілуі мүмкін.

2024.01.07. № 104-VIII ҚР Заңымен 3-3-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен 3-3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-3. Осы Заңның 14-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасында аталған адамдардың жарналарын есептеу және төлеу Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 720-бабының және Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 102-1-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

4. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары мен өкілдіктері аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер ретінде қарастырылуы мүмкін.

5. Аударымдар және (немесе) жарналар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленеді.

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Есепке жазылған (ұстап қалған) аударымдарды және (немесе) жарналарды қордың шотына Мемлекеттік корпорацияның кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы:

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда

1) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар - кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда

2) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына - ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

3) 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) 2025.18.07. № 215-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

41-баптың 4-тармағына сәйкес 30-баптың 6-тармағының 6) тармақшасының қолданысы 2021 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды

6) дербес төлеушілер - есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей аударады.

7. Банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан аударымдардың және (немесе) жарналардың сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күн - қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу күні, төлеушінің аударымдарды және (немесе) жарналарды банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күні қолма-қол ақша нысанында жүзеге асырылатын аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу күні болып есептеледі.