«2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8/74-VI шешімі (2017.30.11. берілген өзгерістермен)

2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8/74-VI шешімі

(2017.30.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017.25.01. № 10/102-VI шешімімен (бұр.ред.қара); 2017.30.03. № 11/109-VI шешімімен (бұр.ред.қара); 2017.27.06 № 13/143-VI шешімімен (бұр.ред.қара); 2017.23.10. № 15/186-VI шешiмiмен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 17/205-VI шешiмiмен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Оңтүстік Қазақстан облысының 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер - 499 929 532 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер бойынша - 28 567 460 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер бойынша - 4 224 684 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 138 020 мың теңге;

трансферттер түсiмi бойынша - 466 999 368 мың теңге;

2) шығындар - 497 448 039 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу - 7 791 108 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 13 726 988 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 5 935 880 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 503 589 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 693 106 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 189 517 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - - 5 813 204 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 5 813 204 мың теңге.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.