«Мемлекеттік инспекторлар актілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 875 бұйрығы (күші жойылды)

Мемлекеттік инспекторлар актілерінің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 875 бұйрығы

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 478 бұйрығымен күші жойылды

 

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 63) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Өткізілген тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік инспекторлар актілерінің нысандары:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тексеріс нәтижелері туралы акт;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кемшіліктерді жою туралы ұйғарым;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес әкімшілік жазалу салу туралы қаулы бекітілсін.

2. «Мемлекеттік инспекторлар актілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 287 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 11 шілдеде № 9579 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 249 (27870), «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 249 (28472) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықтың көшірмесін алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.