«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кодексі (2026.25.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

7) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бағаларды белгілеуге;

2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда

8) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеуге;

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) туындаған проблемаларды бәсекелестік жай-күйі үшін теріс салдары аз тәсілмен шешу мүмкін болмаған жағдайда, табиғи монополия жағдайындағы емес тауар нарықтарында белгілі бір жағдайларда, оның ішінде төтенше жағдайлар, дүлей зілзалалар, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде;

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) тауарлық газға және сұйытылған мұнай газына;

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды; 2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын бекітуге;

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды; 2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

12) энергия өндіруші ұйымдардың тарифтерін бекітуге;

2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды; 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

13) субсидияланатын көрсетілетін қызметтерге;

2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды

14) қоғамдық маңызы бар нарықтарда бағалар мен тарифтерді реттейді;

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

15) байланыс құралдарын, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту үшін электр берудің әуе желілерінің тіреуіштерін орналастыру үшін орындарды мүліктік жалдауға (жалға беруге) арналған шекті тарифтерді бекітеді.

2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Мемлекет трансферттік баға белгілеу кезінде туындайтын халықаралық іскерлік операциялардағы және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелердегі бағаларды реттейді.

 

117-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеу

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекітеді.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын беруге жасалған шартта шекті сауда үстемесінің мөлшері міндетті түрде белгіленуге тиіс. Осы талапты бұза отырып жасалған мәміле жарамсыз болады.

Шекті сауда үстемеақысын қолдану тəртібін сауда қызметін реттеу саласындағы уəкілетті орган айқындайды.

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Сауда қызметін реттеу саласындағы, агроөнеркəсіптік кешенді дамыту саласындағы уəкілетті органдар əлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру кезінде халықты əлеуметтік қорғау саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетуді көздейді.

 

2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 118-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

118-бап. Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру

1. Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрін өндіру мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне байланысты тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің осы түріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдайлар жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер нарығының жай-күйі табиғи монополия болып табылады.

 

119-баптың қолданылуы 2017 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде бұл бап осы Кодекстің 324-бабының 9-тармағында қолданылды

2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 119-бап өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

119-бап. Мемлекеттік баға реттеу

Уақытша шара ретінде Қазақстан Республикасының аумағында белгілі бір мерзімге жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) жекелеген нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік баға реттеу енгізілуі мүмкін.

 

2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 120-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

120-бап. Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу

1. Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидаларын монополияға қарсы орган бекітеді.

Уәкілетті мемлекеттік органдар мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің өтінімдерін қарау кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қағидаларға сәйкес жария тыңдаулар өткізеді.

2. Монополияға қарсы орган осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген қағидаларға сәйкес мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарлардың бағаларына сараптама жүргізеді.

3. Тауарлардың бағаларына сараптама жүргізу үшін мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері жазбаша түрде мыналарды:

1) тауарларға мемлекеттік монополия, арнайы құқық енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, баға деңгейін растайтын негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты;

2) өзгеру (көтерілу және (немесе) төмендеу) себептерін растайтын негіздеуші материалдарды бере отырып, кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын тауарларға бағалардың алдағы өзгеруі (көтерілуі және (немесе) төмендеуі) және олардың өзгеру (көтерілу және (немесе) төмендеу) себептері туралы хабарламаны беруге міндетті.

4. Тауарлардың бағаларына сараптама жүргізу мерзімі хабарлама немесе ақпарат қарауға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспайды. Сараптама жүргізудің жалпы мерзімі күнтізбелік бір жүз жиырма күннен аспауға тиіс.

5. Монополияға қарсы орган хабарламаны немесе ақпаратты қарау барысында осы Кодексте белгіленген мерзімдерде мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісінен шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды сұратуға құқылы.

6. Қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңінде хабарламаны немесе ақпаратты қарау мерзімі мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі тиісті қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғанға дейін тоқтатыла тұрады.

7. Монополияға қарсы орган мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейін хабарламаны немесе ақпаратты қарауды қайта бастайды.

8. Тауарлардың бағаларына сараптама жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.

 

2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 120-1-баппен толықтырылды

120-1-бап. Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу

Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

 

2024.25.03. № 68-VIII ҚР Заңымен 121-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

121-бап. Халықаралық іскерлік операциялардағы және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелердегі бағаларды реттеу

Қазақстан Республикасында трансферттік баға белгілеу кезінде туындайтын халықаралық іскерлік операциялардағы және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелердегі бағаларды реттеу «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

 

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 122-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

122-бап. Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізуге баға белгілеу

1. Мемлекет Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және стационарлық автожанармай құю станцияларында өткізуге арналған мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге бағаларды реттейді.

2. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген, стационарлық автожанармай құю станцияларында өткізуге арналған мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге шекті бағаларды белгілейді.

3. Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілер мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы өткізу кезінде бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізудің белгіленген шекті бағаларынан асырмауға міндетті.

Мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізушілер бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге белгіленген шекті бағалардан асырмауға міндетті.

4. Мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және стационарлық автожанармай құю станцияларында өткізуге арналған мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге бағалар мемлекеттік реттелген жағдайда, шекті бағалар айына бір реттен асырылмай белгіленеді.

 

2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 122-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

122-1-бап. Дәрілік заттарға арналған шекті бағаларды бекіту

1. Мемлекет Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес дәрілік заттарға арналған шекті бағаларды бекітеді.

2. Дәрілік заттарға баға белгілеу тәртібінің сақталуын мемлекеттік бақылауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

 

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 123-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

123-бап. Арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгiлеу

Мемлекет Қазақстан Республикасының этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасына сәйкес арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгiлейдi.

 

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 123-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

123-1-бап. Байланыс құралдарын, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту үшін электр берудің әуе желілерінің тіреуіштерін орналастыру үшін орындарды мүліктік жалдауға (жалға беруге) арналған шекті тарифтер

Мемлекет Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасына сәйкес байланыс құралдарын, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту үшін электр берудің әуе желілерінің тіреуіштерін орналастыру үшін орындарды мүліктік жалдауға (жалға беруге) арналған шекті тарифтерді реттейді.

 

2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 124-бап жаңа редакцияда

124-бап. Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу

Мемлекет Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасына сәйкес фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді.

 

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 11-тарау 124-1-баппен толықтырылды; 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 124-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 124-1-бап өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 124-1-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

124-1-бап. Тауарлық газға және сұйытылған мұнай газына баға белгілеу

1. Мемлекет Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес тауарлық газға және сұйытылған мұнай газына бағаларды реттейді.

2. Газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық газды және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша өзі айқындаған жағдайларда және тәртіппен белгілейді.

3. Тауарлық газды немесе сұйытылған мұнай газын өнім беру жоспары шеңберінде өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар белгіленген шекті бағаларды асырып жібермеуге міндетті.

 

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 11-тарау 124-2-баппен толықтырылды; 2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 124-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 124-2-бап өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

124-2-бап. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газ бағасын бекіту

Мемлекет Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газ бағасын бекітеді.

 

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 11-тарау 124-3-баппен толықтырылды

124-3-бап. Энергия өндіруші ұйымдардың тариф белгілеуі

Энергия өндіруші ұйымдардың тариф белгілеуі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 11-тарау 124-4-баппен толықтырылды

124-4-бап. Субсидияланатын көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу

Мемлекет Қазақстан Республикасының пошта, байланыс, автомобиль көлігі және теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес пошта, байланыс және тасымалдау саласындағы субсидияланатын көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттейді.

 

 

2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен Кодекс 11-1-тараумен толықтырылды

11-1-тарау. Қоғамдық маңызы бар нарықтар

 

124-5-бап. Қоғамдық маңызы бар нарықтар

1. Бағаларды мемлекеттік реттеу мынадай:

1) электр энергиясын энергиямен жабдықтау ұйымдарының бөлшек саудада өткізуі;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру және жүргізу, сауда жүйесінің орталықтандырылған сауда-саттықты жүргізуге әзірлігін қамтамасыз ету, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының қызметін жүзеге асыруға байланысты оның шығындары бөлігінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, электр қуатының дайындығын қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді орталықтандырылған сатып алу және электр қуатын бірыңғай сатып алушының қызметін жүзеге асыруға байланысты оның шығындары бөлігінде бірыңғай сатып алушының жүктемелерін көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді орталықтандырылған сату;

3) тауарлық газды бөлшек саудада өткізу, топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу;

4) ішкі рейстерде әуежайлардың қызметтерін көрсету: жолаушыларды отырғызу-түсіру (телескоптық трап арқылы), тасымалдау процесін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын әуежайдың үй-жайларын жалға беру, жүктерді өңдеу, жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңдар) ұсыну, әуе кемелерін авициялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) мыналарды:

теміржол жүк вагондарын жалға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді және вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін;

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік қатынаста жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді;

контейнерлерде, контрейлерлік жөнелтілімдермен жүктерді, бос контейнерлерді және бос фитингілік платформаларды теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау және локомотивтік тартқыш жөніндегі қызметтерді көрсету салаларында қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) қолданылады.

2. 2025 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)

3. 2025 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган баға белгілеу тәртібінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі міндеттерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасады.

 

124-6-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы құзыреті

Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган:

1) қоғамдық маңызы бар нарықтарда мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;

2) бағаларды мемлекеттік реттеуді және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

3) қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

4) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің бағаларына мониторингті жүзеге асырады;

5) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды келіседі;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды:

шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының орындалмауына;

шекті бағаларда ескерілген, электр энергиясын, тауарлық газды сатып алуға және (немесе) беруге арналған қаражаттың пайдаланылмауына;

шекті бағаларда ескерілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді), оның ішінде жекелеген тұтынушылар топтарының тұтыну көлемдерінің асып кетуіне;

табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісілген, тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағадан асып кетуге байланысты алынған кіріс мөлшерінде төмендетеді;

6) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың өсетіні туралы хабарламаларын қарау кезінде жария тыңдаулар өткізеді;

7) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісіне осы Кодексте көзделген міндеттемелерді олардың орындауы туралы орындалуға міндетті нұсқамаларды енгізеді;

8) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі нұсқамаларды орындамаған жағдайда, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісін нұсқамада көрсетілген әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу туралы сотқа талап қояды;

9) 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінен өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады;

10-1) 2019.27.12. № 295-VІ ҚР Заңымен 2022 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)

2022.29.12. № 174-VІ ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

10-2) Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасында көзделген уақытша теңгерімдеуші төлемді есептеу және төлеу қағидаларын теміржол көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 10-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

10-3) осы Кодекстің мақсаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

11) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

124-7-бап. Бағаларды мемлекеттік реттеу және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауын мемлекеттік бақылау

1. Бағаларды мемлекеттік реттеу және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауын мемлекеттік бақылау тұтынушылар мен қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады.

2. Қоғамдық маңызы бар нарықтарда тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіретін (өткізетін) жеке немесе заңды тұлға қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі болып табылады.

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауына мемлекеттік бақылауды табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган осы Кодексте және қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

 

124-8-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің міндеттері

1. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі:

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға:

табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндіру (өткізу) көлемдері, кірістілік деңгейі және босату бағалары туралы ай сайынғы ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей;