«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кодексі (2026.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1) жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы талаптарды сақтауға;

6) жануарлар дүниесі объектілерінің санкциясыз алып қойылуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:

балық шаруашылығы су айдындарында - балықтардың белгіленген кәсіпшілік өлшемі, балық аулау мөлшерлері, құралдарының түрлері мен тәсілдері, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар, кейдейсоқ аулау бөлігінде, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналын (кәсіпшілік журналы) жүргізуге;

аңшылық шаруашылығы аумағында - жануарларды аулау құралдарын алып қою, аулау тәсілі мен түрі, олардың жыныстық-жастық құрамы, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар бөлігінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын сақтауға;

7) карантиндік аймақтардағы және жануарлардың аса қауіпті ауруларының қолайсыз пункттеріндегі, ошақтарындағы, карантиндік объектілердің, аса қауіпті зиянды организмдердің таралу ошақтарындағы іс-шараларды мемлекеттік бақылауға және қадағалауға;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) жолаушылар пойыздарында, оның ішінде жолаушылар пойыздарын қалыптастыру пункттерінде жолаушыларды, багажды, жүк-багажын жəне пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларының сақталуын мемлекеттік бақылауға;

9) жергілікті атқарушы орган белгілеген орындардан тыс сауда-саттыққа;

10) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік бақылауға;

2025.09.04. № 179-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) жиырма бір жасқа толмаған адамдарға алкоголь өнімін, темекі өнімін сатуды, балалар үшін тыйым салынған ақпарат қамтылатын ақпараттық өнімді он сегіз жасқа толмаған адамдарға таратуды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуына;

2025.09.04. № 179-VIII ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

12) су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде өз бетінше су пайдалануға жол бермеуді жəне Қазақстан Республикасының Су кодексінде шаруашылық қызметті жүзеге асыруға белгіленген тыйым салулардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы талаптарды сақтауға байланысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін), оларды жүргізу уақытын, мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) тұрған жерін күні бұрын айқындау мүмкін болмаған кезде мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.

129-баптың 4-1-тармағының қолданысы 2026 ж. 1 ақпанға дейін тоқтатылды

2024.15.04. № 72-VIII ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-1-тармақ өзгертілді

4-1. Осы бапты, осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын, 131-1, 144-4-баптарын, 153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын, 154 жəне 157-баптарын қоспағанда, осы тараудың күші балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жəне баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға қолданылмайды.

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Осы бапты, осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын, 153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасы талаптарының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау мен атқару мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қолданылмайды.

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын, 131-1-бабын, 153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын, 153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:

1) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар талаптарын орындауын мемлекеттік бақылау;

2) жеке-дара қолданылатын құқықтық актілердің сақталуын мемлекеттік бақылау;

2024.15.04. № 72-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттар мен өзге де мәмілелердің орындалуын мемлекеттік бақылау;

129-баптың 6-тармағының 4) тармақшасының қолданысы 2026 ж. 1 ақпанға дейін тоқтатылды

2024.15.04. № 72-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

4) балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға (қызметтер көрсету басталғанға дейін және оларды көрсету кезеңінде) мемлекеттік тапсырысты орналастыруға байланысты және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттар мен өзге де мәмілелердің орындалуын мемлекеттік бақылау бөлігінде шарттық қатынастарды орындауға байланысты мемлекеттік бақылауға қолданылмайды.

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Осы тараудың күші «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және егер Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсаттық бақылау көзделген болса, рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне рұқсаттық бақылау жүргізуге қолданылмайды.

2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

7-1. 153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын қоспағанда, осы бапты, осы Кодекстің 130-бабының 1-тармағын, 131-1, 136, 143, 151, 153, 154, 155, 156 және 157-баптарын қоспағанда, осы тараудың күші, егер «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігін тексеру нысанында мемлекеттік бақылауды автоматтандырылған цифрлық жүйе арқылы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделсе, осы бақылауды жүзеге асыруға қолданылмайды.

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Осы Кодекстің 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын, 131-1-бабын, 153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын қоспағанда, осы тараудың күші кеден ісі саласындағы мемлекеттік бақылауға қолданылмайды.

2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 8-1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8-1. Осы Кодекстің 131-бабының 1, 2 және 3-тармақтарын, 131-1, 144-4-баптарын, 153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:

1) энергетикалық жабдықты пайдалану және оның техникалық жай-күйі, энергия өндіруші ұйымдар (жаңартылатын энергия көздерін қоспағанда), энергия беруші ұйымдар және жүйелік оператор бөлігінде электр энергетикасы;

2) жылу энергетикасы объектілерін пайдалану және олардың техникалық жай-күйі, жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілер бөлігінде жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауға қолданылмайды.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Осы бапты (мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау, өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау, санитариялық-карантиндік бақылау бөлігінде), осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын және 131-1-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес айқындалатын жеткізу орындарында, кедендік тазартуды аяқтау орындарында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды, өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды, санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізуге, сондай-ақ фитосанитариялық және ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды, ветеринариялық-саниатариялық бақылауды жүргізуге байланысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10. Осы бапты, осы Кодекстің 130-бабының 1-тармағын, 131-1, 143, 144, 151, 153, 154, 155, 156 және 157-баптарын қоспағанда, осы тараудың күші орындалуын мемлекеттік бақылау мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қолданылмайды.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-тармақ өзгертілді

11. Осы бапты, осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын, 138 және 139-баптарын, 153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ қаржы нарығын, қаржы ұйымдарын, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарды, коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдарды, төлем жүйелерінің операторлары мен операциялық орталықтарын, төлем ұйымдарын, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12. Осы тараудың күші:

1) прокуратура органдары жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалау;

2) қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында бақылау мен қадағалау;

3) сот төрелігі;

4) жедел-іздестіру қызметі;

5) қарсы барлау қызметі;

6) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау;

2022.28.12. № 173-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2023 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау;

2022.28.12. № 173-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.30.06. № 202-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік бақылау;

2025.30.06. № 202-VIII ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) аумақтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

10) өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 10) тармақшасында санамаланған қатынастарға осы Кодекстің 153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарының күші қолданылады.

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13. Осы бапты, осы Кодекстің 130, 131-1, 133-баптарын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:

1) ішкі істер органдары:

Қазақстан Республикасының азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы;

жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану талаптарын сақтауы;

осы Кодекстің 133-бабының талаптары және ішкі істер органдары жүргізетін жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасының есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы бойынша жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау;

2) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуы;

3) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы;

4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасының сақталуы;

5) Қазақстан Республикасының жарылғыш заттардың заңды айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.

Монополияға қарсы орган жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде туындайтын қатынастар осы Кодекстің 20-тарауында реттеледі және оларға осы Кодекстің 153-бабы 1-1 және 1-2-тармақтарының күші қолданылады.

14. Осы бапты, осы Кодекстің 130-бабының 1 және 3-тармақтарын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын қоспағанда, осы тараудың күші жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды сақтауына байланысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15-тармақ өзгертілді

15. Бұл ретте, осы баптың 4-тармағының 10) жəне 11) тармақшаларында, 4-1, 5 (ішкі аудит қызметтерінің тексерулерін қоспағанда) және 10 (акциздік бекеттердегі бақылауды қоспағанда)-тармақтарында, 13-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда міндетті тіркелуге жатады.

Бұл ретте, осы баптың 4-тармағының 10) жəне 11) тармақшаларында, 13-тармағының 1) (есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар саласындағы) және 2) тармақшаларында көрсетілген тексерулерді тағайындау туралы акт тексеру басталғаннан кейін келесі жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелуге жатады.

Бақылау жəне қадағалау органдары мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органды осы баптың 16-тармағында көзделген жүргізілген мемлекеттік бақылау нəтижелері туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тəртіппен хабардар етеді.

2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 16-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16. Осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын, 131-1-бабын, 153-бабының 1-1 және 1-2-тармақтарын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:

1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды;

2) мемлекеттік органдар субъектілері болып табылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қолданылмайды.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17-тармақ өзгертілді

17. Осы баптың 4, 4-1, 5, 6, 8-1, 11, 12 және 14, 13, 14 жəне 16-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі және бұл ретте туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарында реттеледі.

Осы баптың 8 және 9-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі және бұл ретте туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын актілерде регламенттеледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында осы баптың 16-тармағының 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік бақылау регламенттелмеген болса, онда бұл жағдайда мемлекеттік бақылау осы тарауда белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады.

18. Осы баптың 5, 6 және 12-тармақтарында санамаланған қатынастарға ішкі бақылау бөлігінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 38-бабының күші қолданылады.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 18-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 18-1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18-1. Осы бап шеңберінде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, осы Кодекстің 135, 136 жəне 153-баптарына сəйкес жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.

Осы баптың 4-тармағының 3), 4), 5), 6) жəне 7) тармақшаларына жəне 4-1-тармағына сəйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде анықталған бұзушылықтар бойынша бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес енгізілген талаптарға қатысты осындай шаралар қолданылуы мүмкін.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен (2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19-тармақ өзгертілді

19. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында осы баптың 4, 4-1, 5, 6, 8-1, 9, 11, 12, 13, 14 жəне 16-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібін регламенттеу болмаса (осы баптың 17-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда), мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында, халықаралық шарттарда және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын актілерде осы баптың 8-тармағында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібін регламенттеу болмаса, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады.

20. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау осы Кодекстің 138 және 139-баптарында көзделген кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында ғана жүзеге асырылады.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 21-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

21. Осы Кодекстің 138 және 139-баптарына қызметтің жаңа салаларын енгізу үшін жəне бақылау мақсатында сатып алу мен тергеп-тексеру енгізілген жағдайларда, реттеуші мемлекеттік органдар осы Кодекстің 83-бабына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.

22. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда, осы тараудың ережелері Қазақстан Республикасының осы заңдарында реттелген қатынастарға қолданылады.

 

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 130-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

130-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың мақсаты мен міндеттері

1. Экономикалық қауіпсіздікті, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеуді, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қоса алғанда, мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісі өндіретін және өткізетін өнімнің, технологиялық процестердің адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін, олардың мүлкін қорғауды, қоршаған ортаға қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың мақсаты болып табылады.

2. Осы Кодекстің 141-бабының 6-тармағында, 143-бабының 1-тармағында, 144-3-бабының 1-тармағында және 144-4-бабының 5-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі мәселелері бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдауына тыйым салынады.

3. Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың міндеттері:

1) құқық бұзушылықтардың, зиян (нұқсан) келтірудің профилактикасын қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың адал субъектілерін ынталандыру;

3) анықталған құқық бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау болып табылады.

 

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 131-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

131-бап. Мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлік субъектілеріне арналған кепілдіктер

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнің қызметін мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының заңдарымен осындай құқық берілген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Кәсiпкерлiкті мемлекеттiк бақылау және қадағалау тәуелсіздік, объективтілік, бейтараптылық, мемлекеттік бақылау және қадағалау нысандарының анықтығы қағидаттарының негізінде жүзеге асырылады.

3. Мемлекет мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүйесінің есептілігі мен ашықтығына кепілдік береді.

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүргізу мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың адал субъектілерін көтермелеу, құқық бұзушыларға мемлекеттік бақылауды және қадағалауды шоғырландыру негізінде жүзеге асырылады.

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылауды жүргізу көзделсе, осы Кодекстің 144-1-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау жүргізбестен, мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуге тыйым салынады.

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6. Жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік тіркелген (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалардан және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқық мирасқорларынан басқа) күннен бастап үш жыл ішінде оларға қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады.