«Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 772 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 22 қазандағы № 780 Қаулысы

 «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 772 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 22 қазандағы № 780 Қаулысы

 

«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 772 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) Нұр-Сұлтан қаласының аумағында қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекарада орналасқан.»;

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) инвестицияларды тарту, қолда бар және тартылған озық технологияларды, ноу-хау пайдалану, заманауи инфрақұрылымды құру жолымен Нұр-Сұлтан қаласын инновациялық дамыту;»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;

«Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің шекті деңгейі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық шекарасының шегінде қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекарада орналасқан.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.