Телерадио хабарларын тарату сапасын бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 812 бұйрығы
Осы редакция 2017 жылғы 6 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Телерадио хабарларын тарату сапасын бақылауды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (В.В. Ярошенко):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | А. Жұмағалиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрі
Д. Мыңбай
2012 жыл 27 қараша
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы 26 қарашадағы № 812
бұйрығымен бекітілген
Телерадио хабарларын тарату сапасын бақылауды жүргізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Телерадио хабарларын тарату сапасын бақылауды жүргізу туралы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және телерадио хабарларының сапасына бақылау тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;