«Нұр-Сұлтан қаласы аумағында карантиндік арамшөп арам сояулармен зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимінің күшін жою және «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақтарды белгілеу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № 505-2632 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 6 сәуірдегі № 505-1014 Қаулысы

Нұр-Сұлтан қаласы аумағында карантиндік арамшөп арам сояулармен зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимінің күшін жою және «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақтарды белгілеу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № 505-2632 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 6 сәуірдегі № 505-1014 Қаулысы

 

«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 02-12/134 ұсынымына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Нұр-Сұлтан қаласы аумағында карантиндік арамшөп арам сояулармен зақымданған алқаптар көлемінде келесі жер телімдерінде карантин режимінің күші жойылсын:

1) Қабанбай батыр даңғылы, № 9/2 («Премьера – 3» тұрғын үй кешені);

2) теміржолдар (Железнодорожный тұрғын алабы), 22-жолдағы табельдік будка;

3) теміржолдар (Нұр-Сұлтан қаласының теміржол вокзалы), М212 белгісі, 10-аудан.

2. «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақтарды белгілеу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № 505-2632 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23868 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.