«Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 73 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 4 қарашадағы № 772 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11114 болып тіркелген, «Әділет» нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Экипаж еңбегін кеме капитаны 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Заңға және осы Жарғыға сәйкес ұйымдастырады.»;
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«79. Теңізде қауіпті мұздарды, тасталып кеткен кемені және навигациялық қауіпті төндіретін басқа да заттарды кездестірген кезде не кеме қондырмаларының қатты мұздануына әкеп соғатын ауа температурасының шарттарында немесе теңіз дауылы туралы хабарлама алынбаған, күші 10 және одан жоғары баллдағы жел әсерінің астында қалған жағдайында бұл туралы капитан жақында жүрген кемелерге және жақын портқа хабарлайды.
Ақпарат иелігіндегі бүкіл бар құралдармен еркін нысанда беріледі.
Тасталып кеткен кемені шетел портына тіркеп сүйреу туралы тапсырма алғаннан кейін капитан бұл туралы өзі бағыт алуға ниеттенген Қазақстан Республикасының консулына және тиісті порт биліктеріне хабарлайды.»;