«Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін берілмейтін объектілер тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 172 Жарлығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін берілмейтін объектілер тізбесі туралы

 

ҚР Президентінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 583 Жарлығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес қаулы етемiн:

1. Қоса берілiп отырған мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін берілмейтін объектiлер тiзбесi бекiтiлсiн.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

               Президенті

 

        Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2016 жылғы қаңтардың 14-і.

№ 172

 

Қазақстан Республикасы

 Президентiнiң

2016 жылғы 14 қаңтардағы

№ 172 Жарлығымен

БЕКIТIЛГЕН

 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін берілмейтін объектілер
тiзбесi

 

1. Жер, су (мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын iске асыру мақсатында жер пайдалану құқығын берудi қоспағанда), өсiмдiктер және жануарлар әлемi.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.

3. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгін қамтамасыз ету үшiн қажеттi арнаулы мемлекеттік органдардың мүлкi мен ұйымдары.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.