«Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 491 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 367 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 57 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде (№ 9173 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 7 наурызында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
осы бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Жылжымайтын мүлік объектілеріне мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығын бекіту туралы»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Жылжымайтын мүлік объектілеріне мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығы бекітілсін.»;
бұйрықтың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментіне жүктелсін.»;
осы бұйрықпен бекітілген Жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жылжымайтын мүлік объектілеріне мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: