«Бюджет процесін ақпараттандыру объектілерінің стандарттары мен оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 254 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 9 қазандағы № 685 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджет процесін ақпараттандыру объектілерінің стандарттары мен оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 254 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Аталған бұйрықпен бекітілген бюджет процесін ақпараттандыру объектілерінің стандарттары мен оларға қойылатын талаптар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.