«Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығына өзгерісті енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 1247 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16689 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органның ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында:
103-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«103-1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 13 және 14-тарауларына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің және басқа тұлғалардың мүдделеріне ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің аудиторлық іс-шаралармен әсер тигізетін аудиторлық есебіне және (немесе) нұсқамасына шағымдар ведомствомен дәлелдер шеңберінде қаралады.