«Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 337 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 197 бұйрығы (күші жойылды)

«Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 337 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 197 бұйрығы

 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 21 мамырдағы № 107 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 337 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15722 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру өтінімін ведомствоның аумақтық бөлімшелері құратын комиссия қарайды, оның құрамына:

1) ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің (басшының орынбасарынан төмен емес), комиссия төрағасы;

2) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінің (басшыдан төмен емес);

3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдардың;

4) балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастығының өкілдері кіреді;

5) cу ресурстарының аумақтық бөлімшелерінің (басшыдан төмен емес).»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.