(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЖЕР ҚОЙНАУЫ УЧАСКЕСІН ТҮРЛЕНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ӨТІНІШ (...

Осы редакция 2019 жылғы 25 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.17.04. № 225 бұйрығымен 7-қосымшамен толықтырылды

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму Министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 521 бұйрығына 7-қосымша

 

 

«Жер қойнауы учаскесін түрлендіруге арналған өтініш»

 мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Жер қойнауы цчаскесін түрлендіруге арналған өтініш» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеген.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған күннен бастап - күнтізбелік 30 (отыз) күн;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты-15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензияны беру, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.