(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2018-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ»...

2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы

Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 157 шешімі

(2018.13.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексінің 75-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Қызылорда облыстық мәслихатының 2018.12.02. № 176 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.29.03. № 186 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.01.06. № 202 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.08.08. № 230 шешімімен (бұр.ред.қара); 2018.13.11. № 255 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 201 970 721,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 18 867 940,5 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 4 507 444,8 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 29 093,7 мың теңге;

трансферттер түсімі - 178 566 242,0 мың теңге;

2) шығындар - 197 572 141,5 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 2 736 887,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер - 12 068 681,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 9 331 794,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 5 205 554,0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу - 5 205 554,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -3 543 861,5 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 3 543 861,5 мың теңге.

2. 2018 жылға арналған аудандар мен Қызылорда қаласының бюджеттерінен облыстық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері төмендегідей болып белгіленсін:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.