«Спорттың ойналатын түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарын күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 22 шілдедегі № 143 бұйрығы

Спорттың ойналатын түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарын күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының лимиттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 22 шілдедегі № 143 бұйрығы

 

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-12) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған спорттың ойналатын түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарын күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының лимиттері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт істері комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты қолданысқа енгізгеннен кейін үш күн ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш күн ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.