«Робототехниканы дамыту және STEAM, бағдарламалау жөніндегі кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 474 бұйрығы

Робототехниканы дамыту және STEAM, бағдарламалау жөніндегі кеңесті құру туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 474 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 236) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Робототехниканы дамыту және STEAM, бағдарламалау жөніндегі кеңес осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрылсын (бұдан әрі - Кеңес).

2. Кеңестің ережесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті (Г.Р. Кәрімова) Кеңестің жұмысын ұйымдастырсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

А. Аймағамбетов

 

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрінің

2022 жылғы 24 қарашадағы

№ 474 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Робототехниканы дамыту бойынша,

STEAM және бағдарламалау жөніндегі кеңестің құрамы

 

№

Т.А.Ә.

Лауазымы

1

Кәрімова Гүлмира Райынбекқызы

Орта білім беру комитетінің төрағасы - төраға

2

Унайбеков Ануар Ерболұлы

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК директоры - төрағаның орынбасары

3

Жұмагелді Нұрлан Мұғинұлы

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК директорының орынбасары - хатшысы

4

Шер Раиса Петровна

«Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК директоры - кеңестің мүшесі

5

Күнғожин Алмас Мухамбетұлы

«Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ директоры - кеңестің мүшесі

6

Ахметжанова Аида Амантайқызы

«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМК вице-президенті - кеңестің мүшесі

7

Мухамеджанова Асель Зейнулловна

«Өрлеу» БАҰО АҚ Басқарма төрағасы (келісім бойынша) - кеңестің мүшесі

8

Абилов Рустам Жұмабекұлы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ департаментінің директоры - кеңестің мүшесі (келісім бойынша)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.