«Ревизиялық (тексеру) комиссиялардың төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидалары және оларды бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 12-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы 26 маусымдағы № 7-НҚ нормативтік қаулысы

«Ревизиялық (тексеру) комиссиялардың төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидалары және оларды бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 12-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы 26 маусымдағы № 7-НҚ нормативтік қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі - Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ревизиялық (тексеру) комиссиялардың төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидалары және оларды бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 12-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35052 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Ревизиялық (тексеру) комиссиялардың төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидалары және оларды бағалау өлшемшарттарында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Заңның 47-бабының 2-тармағына сәйкес тексеру комиссиясының төрағасын тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаты Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (бұдан әрі - Жоғары аудиторлық палата) ұсынуы және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бес жыл мерзімге лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

Тексеру комиссиясы мүшелерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаты тексеру комиссиясы төрағасының ұсынуы және Жоғары аудиторлық палатамен келісу бойынша бес жыл мерзімге лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.»;

12, 13, 14, 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.