«Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 5 қаңтардағы № 1457 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10593 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларында:
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттерінің есебінен Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарына, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасына, өңірлердің стратегиялық бағыттары мен әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, мемлекеттік бағдарламаларға, аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес келетін ЖБИ іске асырылады.»;
5-1- тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте, республикалық бюджеттен:
ауылдарда және қалаларда 3 және одан да көп ауысымды оқыту және оқушылар орындарының тапшылығы проблемасын шешетін апатты жай-күйде тұрған және бұзуға жататын мектептердің орнына қуаттылығы 300 және одан да көп, ал республикалық маңызы бар қалаларға және астанаға іргелес елді мекендерде қуаттылығы 300 аз жалпы білім беру мектептерін;
медициналық көмектің қол жетімділігіне шектеу қаупін тудыратын апатты және бұзуға жататындардың орнына қуаттылығы кемінде 200 төсектік көп бейінді және туберкулезге қарсы ұйымдардың және ауысымына кемінде 250 адам қабылдайтын қуаттылығы бар емханалардың;