«Тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдау қағидаларын және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 210 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 163 бұйрығы

«Тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдау қағидаларын және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 210 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 163 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдау қағидаларын және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына 2018 жылғы 16 ақпандағы № 210 (Нормативтік құқықтық тіркеу тізілімінде № 16482 тіркелген, 2018 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау бакінде жариялған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

осы көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдау қағидалары мен нысанында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттік кірістер органдары тауарларды кедендік декларациялау кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі - СЭҚ ТН) бойынша тауарларды сыныптаудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде олардың дұрыс сыныптамасы анықталған жағдайда тауарларды сыныптау туралы шешім қабылдайды.»;

5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. ТБЖ кедендік бақылаудың жүргізуін қамтамасыз ететін кедендік бақылау нысандары мен (немесе) шараларын айқындаған кезде УЛА аталған нысандар мен шараларды қолданады.

Бұл ретте мемлекеттік кірістер органдары ақпараттық жүйе арқылы декларантқа және (немесе) кеден өкіліне ТБЖ тәуекелдердің алдын алу және (немесе) барынша азайту бойынша шараларды тағайындағаны туралы хабарламаны жолдайды.

Тауарлардың сыныпталуын бақылау кезінде тәуекелдердің алдын алу және (немесе) барынша азайту үшін кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін мынадай кедендік бақылау нысандары және шаралар анықталуы мүмкін:

кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру;

кедендік сараптама;

кедендік жете тексеру;

кедендік тексеру.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.