Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан басқа) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1122 Қаулысы
Осы редакция 2018 жылғы 16 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңының 73-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан басқа) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 25 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.