«Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 маусымдағы № 243-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2026 жылғы 31 наурыздағы № 152-НҚ бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 маусымдағы № 243-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2026 жылғы 31 наурыздағы № 152-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 маусымдағы № 243-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32891 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесіне қойылатын талаптар бекітілсін»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Цифрлық трансформация және тауарларды таңбалау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Сауда және интеграция министрінің

міндетін атқарушы

 

 

А. Бижанова

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Жасанды интеллект және

цифрлық даму министрлігі

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.