Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 қазандағы № 273/НҚ бұйрығы
(2025.15.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 5 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - тізілім) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде тізілімді Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Төраға | М. Омаров |
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының м.а. 2023.24.05. № 125/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.19.06. № 158/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасының 2023.02.11. № 267/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.11.12. № 305/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.16.01. № 24/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.12.03. № 67/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.23.05. № 126/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2024.24.09. № 214/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.24.10. № 238/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.08.01. № 9/НҚ бұйрығымен (2025 ж. 9 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.07. № 168/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының м. а. 2025.15.04. № 88/НҚ бұйрығымен (2025 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тізімі өзгертілді