«Алдын ала ақпаратты ұсыну кезінде мемлекеттік кірістер органы ақпараттық жүйесінің және тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 31 тамыздағы № 585 бұйрығы

 «Алдын ала ақпаратты ұсыну кезінде мемлекеттік кірістер органы ақпараттық жүйесінің және тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 31 тамыздағы № 585 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Алдын ала ақпаратты ұсыну кезінде мемлекеттік кірістер органы ақпараттық жүйесінің және тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16539 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Алдын ала ақпаратты ұсыну кезінде мемлекеттік кірістер органы цифрлық жүйесінің және тасымалдаушылардың цифрлық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 31-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Алдын ала ақпаратты ұсыну кезінде мемлекеттік кірістер органы цифрлық жүйесінің және тасымалдаушылардың цифрлық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері мен тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелері арасында алдын ала ақпаратты ұсыну кезіндегі өзара іс-қимыл қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.