«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 1 наурыздағы № 33 Қаулысы (күші жойылды)

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 1 наурыздағы № 33 Қаулысы

 

Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 73 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2735 болып тіркелген, 2015 жылдың 8 қыркүйегінде «Ақ жол» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1- тармақта:

19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«19) «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;»;

21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«21) Жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;»;

мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:

«22) «Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

3- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: есту аппараттарын таңдау мен теңшеуді қоса алғанда, мүгедектерге сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдар ұсыну мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу, соңдай-ақ сервистік қызмет көрсету туралы хабарлама.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

««Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.