Уақытша әкімшінің және уақытша басқарушының негізгі сыйақысының ең төменгі шегін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 345 бұйрығы
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармғының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Уақытша әкімшінің және уақытша басқарушының негізгі сыйақысының ең төменгі шегі - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1 (бір) ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін.