«Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 71/338-VІ «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 12 шілдедегі № 9/43-VII шешімі

Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 71/338-VІ «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 12 шілдедегі № 9/43-VII шешімі

 

Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 71/338-VІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5987 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. Түркістан қаласының 2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемде бекітілсін:

1) кiрiстер - 95 584 109 мың теңге:

салықтық түсiмдер - 13 298 758 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер - 465 711 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 15 256 300 мың теңге;

трансферттер түсiмі - 66 563 340 мың теңге;

2) шығындар - 114 334 713 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу - 0:

бюджеттік кредиттер - 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 24 870 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 24 870 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы - -18 775 474 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 18 775 474 мың теңге:

қарыздар түсімі - 30 901 840 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 13 828 000 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 701 634 мың теңге.»;

2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«2. 2021 жылға корпоративтік табыс, жеке табыс салықтар және әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативтері:

ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша қалалық бюджетке 50 пайыз, облыстық бюджетке 50 пайыз;

төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша қалалық бюджетке 73,7 пайыз, облыстық бюджетке 26,3 пайыз;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.