«Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2024 жылғы 29 тамыздағы № 425 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6929 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 30) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 118) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже (бұдан әрі - Үлгі ереже) «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 30) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі - Министрлік туралы ереже) 15-тармағының 118) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;
6, 6-1, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: