«Коллекторлық агенттік есептілігінің тізбесін, нысандарын, оны ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 112 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 23 маусымдағы № 32 Қаулысы (күші жойылды)

 «Коллекторлық агенттік есептілігінің тізбесін, нысандарын, оны ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 112 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 23 маусымдағы № 32 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 87 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Коллекторлық агенттік есептілігінің тізбесін, нысандарын, оны ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 112 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15481 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес коллекторлық агенттік есептілігінің тізбесі;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес берешекті сотқа дейін өндіріп алу және талап ету құқығын басқаға беру шарттарының саны туралы есептің нысаны;

3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жұмыс істеуге қабылданған қарыздар (микрокредиттер) туралы есептің нысаны;»;

4) тармақша алып тасталсын;

6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес қарыздар (микрокредиттер) бойынша иеленген талап ету құқықтары туралы есептің нысаны;»;

7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген қарыздар (микрокредиттер) бойынша иеленген талап ету құқықтары туралы есептің нысаны;

8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес кредиторлар бөлігінде есепті кезеңнің соңында қарыздар (микрокредиттер) бойынша иеленген талап ету құқықтары туралы есептің нысаны;

9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалардың берешегін реттеу нәтижелері туралы есептің нысаны;

10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес кредиторлар бөлігінде міндеттемелердің құрылымы туралы есептің нысаны;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.