Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 9 маусымдағы № 209 бұйрығы
(2023.11.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022.28.07. № 213 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Дене шыныктыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Занының 7-бабы 43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) белгіленген заңнамалық тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынылуын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;
4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. «Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» мәртебелерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 293 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9676 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетінің № 8 (28486) нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі С.Ж. Мұсайбековке жүктелсін.