(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАС...

Предыдущая страница

2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

4-1. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері немесе əскери қызметші қызмет өткеру кезінде қаза болған (қайтыс болған) жағдайда, аталған қаза болған (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелерінің осы Заңда белгіленген тəртіппен қызметтік тұрғынжайға теңестірілген тұрғынжайды алуға жəне оны өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар.

5. Мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді меншік иесінің немесе ол уәкілеттік берген мемлекеттік органның жазбаша келісімімен мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорындағы басқа тұрғын үйге айырбастауға болады.

2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Осы баптың 3, 4 немесе 4-1-тармақтарында белгіленген негіздер болған кезде тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім шығарады.

7. Осы бапта көрсетілген адамдарды шығаруға осы Заңның 14-тарауында көзделген негiздер бойынша жол берiледi.

8. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 13-1-тараумен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.12.12. № 114-VI ҚР Заңымен 13-1-тарау жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-1-тараудың тақырыбы өзгертілді; 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 13-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13-1-тарау. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін (курсантты жəне (немесе) тыңдаушыны қоспағанда) жəне əскери қызметшіні (мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшіні, резервтегі əскери қызметті өткеріп жүрген əскери қызметшіні, курсант пен кадетті, əскери жиындарға шақырылған əскери міндетті адамды қоспағанда) тұрғын үймен қамтамасыз ету ерекшеліктері

 

2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен 101-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 101-1-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

101-1-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің (курсантты жəне (немесе) тыңдаушыны қоспағанда) жəне əскери қызметшінің (мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшіні, резервтегі əскери қызметті өткеріп жүрген əскери қызметшіні, курсант пен кадетті, əскери жиындарға шақырылған əскери міндетті адамды қоспағанда) тұрғынжайға құқығын іске асыруы

1. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін (курсантты жəне (немесе) тыңдаушыны қоспағанда) жəне əскери қызметшіні (мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшіні, резервтегі əскери қызметті өткеріп жүрген əскери қызметшіні, курсант пен кадетті, əскери жиындарға шақырылған əскери міндетті адамды қоспағанда) тұрғын үймен қамтамасыз ету осы тарауда белгіленген тəртіппен олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап жүзеге асырылады.

Егер осы тармақтың үшінші жəне төртінші бөліктерінде өзгеше көзделмесе, осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған құқық қорғау органы мен азаматтық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қызметтік тұрғынжай беру арқылы жүзеге асырылады, ал тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдағы арнаулы мемлекеттік органның қызметкеріне, əскери қызметшіге, сондай-ақ құқық қорғау органы мен азаматтық қорғау органының қызметкеріне олардың таңдауы бойынша қызметтік тұрғынжай беріледі немесе олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдері аударылады.

Осы баптың 7 жəне 9-тармақтарында көзделген жағдайларда тұрғынжаймен қамтамасыз ету қызметтік тұрғынжай беру жəне ағымдағы тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.

Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері немесе əскери қызметші не оның зайыбы (жұбайы) біржолғы тұрғын үй төлемдерін немесе ақшалай өтемақыны алған, тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырған не тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемені орындаған жағдайларда, сондай-ақ оларда тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайға меншік құқығы туындаған жағдайда, тұрғын үймен қамтамасыз ету тұрғынжайға мұқтаж деп танылған кезде қызметтік тұрғынжай беру арқылы жүзеге асырылады, ал қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда жеке арнайы шотына ағымдағы тұрғын үй төлемдері осы Заңның 101-4-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне сəйкес белгіленген ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің елу пайызы мөлшерінде аударылады, олар қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілгенге дейін тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін ғана пайдаланылады.

Осы тармақтың төртінші бөлігінде аталған құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері немесе əскери қызметші қызмет өткеретін орнынан берілген қызметтік тұрғынжайдан бас тартқан жағдайда тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған адамдардың тізімдерінен алына отырып, ағымдағы тұрғын үй төлемдері тағайындалмайды.

2. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін жəне əскери қызметшіні тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Əрекеттегі резервтің қызметкері мен əскери қызметшісіне, штаттағы жасырын қызметкерге тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының (прокуратура мен азаматтық қорғау органдарын қоспағанда) бірінші басшылары жəне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітеді.

3. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің жəне əскери қызметшінің өзі тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайды осы Заңда белгіленген тəртіппен жекешелендіруге құқығы бар.

4. Əскери-дəрігерлік комиссия есептен (əскери есептен) шығара отырып, қызметке (əскери қызметке) жарамсыз деп таныған құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері жəне əскери қызметші қызмет өткеру кезеңінде алған мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузиясы) немесе ауруы себебімен қызметтен шығарылған кезде аталған қызметкер мен əскери қызметшіге біржолғы тұрғын үй төлемдері аударылады.

Біржолғы тұрғын үй төлемдерінің мөлшері бұрын жүзеге асырылған ағымдағы тұрғын үй төлемдері шегеріле отырып, тұрғын үй төлемдерін алушының өзін қоса алғанда, қызметтен шығарылған кездегі отбасының əрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр есебімен алынған тұрғынжай алаңын мемлекеттік статистика саласындағы уəкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын оның ағымдағы жылғы қаңтардағы деректеріне сəйкес құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері жəне əскери қызметші қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жаңа тұрғынжайды сатудың бір шаршы метрінің бағасына көбейту арқылы айқындалады.

Осы тармақта көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдері, егер:

1) мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері жəне əскери қызметші құқыққа қайшы əрекеттер жасаған кезде немесе психикалық белсенді заттарды (немесе сол тектестерді) тұтыну жəне масаң күйі немесе өзіне қандай да бір дене зақымын (дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен дəлелденсе;

2) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері жəне əскери қызметші не оның зайыбы (жұбайы) тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса;

3) құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерімен жəне əскери қызметшімен не оның зайыбымен (жұбайымен) жасалған, тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттеме орындалса;

4) тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттеме орындалмаған, сондай-ақ тұрғынжай мұрагерлік бойынша алынған жағдайларды қоспағанда, құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің жəне əскери қызметшінің не оның зайыбының (жұбайының) осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болса;

5) құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері жəне əскери қызметші не оның зайыбы (жұбайы) біржолғы тұрғын үй төлемдерін немесе ақшалай өтемақы алса, төленбейді.

5. Тұрғын үй төлемдерін алушыға осы баптың 4-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдері, егер оның тұрғынжайға құқығы олар некеге тұрғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейін іске асырылса, оның зайыбы (жұбайы), сондай-ақ оның баласы (балалары) есепке алынбай жүзеге асырылады.

Егер құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері немесе əскери қызметші тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылса, осы баптың 4-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдерін тағайындау жүзеге асырылады.

Тұрғын үй төлемдерін алушыны жеке құрам тізімдерінен алып тастау, құқық қорғау органдарынан немесе азаматтық қорғау органдарынан шығару оған төленбеген біржолғы тұрғын үй төлемдерін берілген баянатына сəйкес тағайындауға жəне жүзеге асыруға кедергі болмайды.

Жеке құрам тізімдерінен алып тасталған не құқық қорғау органдарынан немесе азаматтық қорғау органдарынан шығарылған Қазақстан Республикасының азаматы өзіне осы баптың 4-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін қызмет өткерген мемлекеттік мекемеге тізімдерден алып тасталған не қызметтен шығарылған күнінен бастап үш ай ішінде жүгінуге құқылы. Көрсетілген мерзімнен кейін жүгінген жағдайда мемлекеттік мекеме біржолғы тұрғын үй төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.

6. Осы баптың 4-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдерінің сомасы тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша негізгі борыш сомасынан асатын жағдайларда, көрсетілген төлемдер қызметтен шығарылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күнге сыйақы ескеріле отырып, негізгі борыш сомасынан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.

7. Жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкеріне жəне əскери қызметшіге ағымдағы тұрғын үй төлемдері осы Заңның 101-4-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне сəйкес айқындалған олардың мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүргізіледі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ағымдағы тұрғын үй төлемдері, егер құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері жəне əскери қызметші не оның зайыбы (жұбайы):

1) біржолғы тұрғын үй төлемдерін немесе ақшалай өтемақы алса;

2) тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемелерді орындаса;

3) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса, төленбейді.

8. Қызметтік тұрғынжайларды ұстау жəне орталықтандырылған жылыту бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайы жекешелендіруге жатпайтын жабық жəне оқшауланған əскери қалашықтардың, өзге де жабық объектілердің тізбесін (мұндай қызметтік тұрғынжайлар болған кезде) мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.

9. Осы Заңның 101-4-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге қызмет өткеру үшін жіберілген құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің жəне (немесе) əскери қызметшінің Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде болатын бүкіл уақытында тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайы сақталады жəне (немесе) тағайындалған тұрғын үй төлемдері тоқтатыла тұрмайды.

10. Тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу құқығы немесе тұрғынжайға меншік құқығының туындауы бір рет жүзеге асырылады.

 

101-2-бап. 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 101-3-бап өзгертілді; 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 101-3-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 101-3-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

101-3-бап. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін (курсантты жəне (немесе) тыңдаушыны қоспағанда) жəне əскери қызметшіні (мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшіні, резервтегі əскери қызметті өткеріп жүрген əскери қызметшіні, курсант пен кадетті, əскери жиындарға шақырылған əскери міндетті адамды қоспағанда) тұрғынжайға мұқтаж деп тану

1. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері жəне əскери қызметші, егер олардың:

1) осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болмаса, тұрғынжайға мұқтаж деп танылады. Бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлестің болуы есепке алынбайды.

Осы тармақшаның бірінші бөлігінің талабы тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша орындалмаған міндеттемесі бар құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкеріне жəне əскери қызметшіге қолданылмайды;

2) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан алған тұрақты пайдалануында тұрғынжайы болмаса, тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.

Осы тармақтың тұрғынжайға мұқтаж деп тану бөлігіндегі күші құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің жəне əскери қызметшінің отбасы мүшелеріне қолданылады.

Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкері жəне əскери қызметші жұбайының (зайыбының) некеге тұрғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейін осы елді мекенде өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғынжайы бар болған не соңғы бес жыл мерзім ішінде иеліктен шығарылған тұрғынжайы болған жағдайда, аталған қызметкер немесе əскери қызметші жұбайы (зайыбы) есепке алынбай тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.

2. Егер ерлі-зайыптылар құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерлері жəне (немесе) əскери қызметшілер болып табылса, тұрғын үй төлемдері ерлі-зайыптылардың таңдауы бойынша олардың біреуіне жүргізіледі. Олардың біреуінің жеке арнайы жəне (немесе) жинақ шоттары оның өтініші бойынша «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тəртіппен жабылады.

Ерлі-зайыптының біреуінің жеке арнайы жəне (немесе) жинақ шоттарындағы тұрғын үй төлемдерінің сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен тұрғын үй төлемдерін алушы ерлі-зайыптының екіншісінің жеке арнайы жəне (немесе) жинақ шоттарына аударылады.

3. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін жəне əскери қызметшіні, егер олар не олардың зайыбы (жұбайы) немесе отбасы мүшелері осы елді мекенде:

1) біржолғы тұрғын үй төлемдерін немесе ақшалай өтемақы алса;

2) тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемелерді орындаса, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы оның туындауы құқығын пайдаланса, оның ішінде қызмет өткеретін жерінде осы Заңның 101-6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген құқықты пайдаланған болса;

3) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса;

4) зайыбының (жұбайының) некеге тұрғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейін тұрғынжайы болған жағдайды қоспағанда, соңғы бес жыл ішінде тұрғынжайды иеліктен шығаруды жүргізсе, тұрғынжайға мұқтаж деп танудан бас тартылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) жəне 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда тұрғынжайда елу пайыздан кем үлестің иеліктен шығарылуы есепке алынбайды;

5) меншік құқығында, оның ішінде меншікті қаражаты есебінен жəне (немесе) ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып алған не неке шартының, сондай-ақ сыйға тарту шартының талаптарымен немесе мұрагерлік бойынша пайда болған тұрғынжайы бар болса, тұрғынжайға мұқтаж деп танудан бас тартылады.

Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерінде жəне əскери қызметшіде мұрагерлік бойынша алынған тұрғынжайды қоспағанда, ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алу кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы өзге де тұрғынжай пайда болған жағдайда да оларды тұрғынжайға мұқтаж деп танудан бас тартылады.

4. Осы баптың күші курсантқа, кадетке жəне (немесе) тыңдаушыға, мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшіге, резервтегі əскери қызметті өткеріп жүрген əскери қызметшіге, əскери жиындарға шақырылған əскери міндетті адамға қолданылмайды.

 

2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 101-4-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

101-4-бап. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау, қайта есептеу жəне тоқтату

1. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін мемлекеттік мекеме олар тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде жүргізеді.

Ағымдағы тұрғын үй төлемдері осы Заңның 101-1-бабы 2-тармағының үшінші бөлігінде көзделген ерекше тəртіппен жүзеге асырылатын тұрғын үй төлемдерін қоспағанда, тұрғын үй төлемдерін алушының таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банктердің бірінде ашылған оның жеке арнайы шотына оларды аудару арқылы жүргізіледі.

Ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшері мемлекеттік статистика саласындағы уəкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын оның ағымдағы жылғы қаңтардағы деректеріне сəйкес Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жайластырылған тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құнын тұрғынжай алаңына көбейту арқылы айқындалады. Тұрғынжай алаңы тұрғын үй төлемдерін алушының өзін қоса алғанда, отбасының əрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр алаң есебімен айқындалады. Тұрғынжайдың шекті алаңы Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін жəне əскери қызметшіні тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларында белгіленеді.

2. Тұрғын үй төлемдерін алушыға ағымдағы тұрғын үй төлемдері:

1) бір мемлекеттік мекемеден екіншісіне, қызмет бабында бір елді мекеннен екіншісіне;

2) кадет, курсант, тыңдаушы лауазымына;

3) ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алуға жатпайтын лауазымға ауыстырылған (ауысқан, қабылданған) не іссапарға жіберілген немесе тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымнан босатылған күннен бастап тоқтатыла тұрады («Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының қарамағындағы тұрғын үй төлемдерін алушыны қоспағанда).

Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері жəне (немесе) əскери қызметші жүктілігі мен босануына байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын, оның ішінде тиісті мемлекеттік мекеменің кадрына қабылдауға байланысты демалыста болған жағдайларда, тағайындалған тұрғын үй төлемдері тоқтатыла тұрмайды.

3. Ағымдағы тұрғын үй төлемдері:

1) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің

1) тармақшасында көрсетілген жағдайда - адам қызметін одан əрі өткеру үшін келген мемлекеттік мекеме тұрғын үйге мұқтаж деп таныған жағдайда, ағымдағы тұрғын үй төлемдері тоқтатыла тұрған күннен бастап;

2) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің

2) тармақшасында көрсетілген жағдайда - шет мемлекеттердің əскери, арнаулы оқу орнын немесе білім беру ұйымын бітірген күннен бастап;

3) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымға тағайындалған күннен бастап қайта басталады.

Лауазымға тағайындау немесе арнаулы мемлекеттік органның не əскери бөлімнің (мекеменің) жеке құрамының тізіміне енгізу туралы бұйрық шығарылған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн өткен соң ағымдағы тұрғын үй төлемдерін қайта бастау туралы баянат берілген жағдайда, ағымдағы тұрғын үй төлемдері баянат тіркелген күннен бастап қайта басталады.

4. Ағымдағы тұрғын үй төлемдері:

1) бала кезінен мүгедектігі бар адамды (мүгедектігі бар адамдарды) қоспағанда, отбасының құрамы өзгерген, оның ішінде бала (балалар) кəмелеттік жасқа толған;

2) бір мемлекеттік мекемеден екіншісіне, қызмет бабында бір елді мекеннен екіншісіне ауыстырылған;

3) жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайды қайтарған;

4) мемлекеттік статистика саласындағы уəкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын оның ағымдағы жылғы қаңтардағы деректеріне сəйкес айқындалатын, Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жайластырылған тұрғынжайдың жалға алу ақысының бір шаршы метрінің құны өзгерген;

5) тұрғын үй төлемдерін алушының баласы (балалары) Қазақстан Республикасының аумағында тұрғынжайды сыйға немесе мұраға алған кезде қайта есептеуге жатады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақшалары бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемдерін қайта есептеу оқиғаның нақты басталған күнінен бастап, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Көрсетілген мерзімді өткізіп алған жағдайда ағымдағы тұрғын үй төлемдерін қайта есептеу ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу үшін берілген баянат тіркелген күннен бастап жүзеге асырылады.