(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАС...

Предыдущая страница

Азаматтық қорғау органдарының қызметкеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, əскери-дəрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы шығарылған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы себебінен қызметтен шығарылған кезде тағайындалған тұрғын үй төлемдері ол осы Заңның 101-5-бабының 1) тармақшасында көзделген мақсатқа сəйкес, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерін орындағанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде жəне тəртіппен сақталады.

Осы тармақтың бірінші жəне екінші бөліктерінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы ішкі істер органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкері құқыққа қайшы әрекеттер жасаған кезде немесе алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйді туғызатын заттарды (сол тектестерді) тұтынуы немесе өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, төленбейді.

 

2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 101-12-баппен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

101-12-бап. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне жəне əскери қызметшілерге мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжаймен қамтамасыз етілмеген кезеңдер үшін біржолғы тұрғын үй төлемдері

1. Отбасының басқа елді мекенге көшу қажеттілігіне байланысты арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе əскери қызметші жұбайының (зайыбының) қызмет (əскери қызмет) орны өзгерген кезде отбасы жағдайы бойынша қызметтен шығуды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе əскери қызметші қызметте болудың шекті жасына жету бойынша, денсаулық жағдайы бойынша, штаттардың қысқаруына байланысты немесе отбасы жағдайы бойынша қызметтен шығарылған кезде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжаймен қамтамасыз етілмеген кезеңдер үшін біржолғы тұрғын үй төлемдерін алады.

Арнаулы мемлекеттік органның қызметкеріне, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің əскери қызметшісіне осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қызметтен шығарылған кезде біржолғы тұрғын үй төлемдері арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке (үздіксіз қызметке) кірген соңғы күнінен бастап - 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін, ал Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардан арнаулы мемлекеттік органдарға (үздіксіз қызметке) ауысқан жағдайда көрсетілген күннен кейін 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қызметтен шығарылған кезде əскери қызметшіге (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің əскери қызметшісін қоспағанда) біржолғы тұрғын үй төлемдері əскери қызметке (үздіксіз қызметке) кірген соңғы күнінен бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалады.

Бұл ретте осы тармақта көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдері:

1) ағымдағы тұрғын үй төлемдері бұрын жүзеге асырылған;

2) қызмет өткеретін əрбір жерінде соңғы бес жыл ішінде иеліктен шығару ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бұрын берілген немесе меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрған кезеңдер шегеріле отырып жүзеге асырылады. Бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлестің болуы есепке алынбайды.

Жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрған арнаулы мемлекеттік органның қызметкеріне немесе əскери қызметшіге осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қызметтен шығарылған кезде біржолғы тұрғын үй төлемдері көрсетілген тұрғынжайда тұрған кезеңдері үшін, бұрын жүзеге асырылған ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің кезеңдері шегеріле отырып, ағымдағы тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.

Осы тармақта көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдерінің мөлшері отбасы құрамының өзгеруі жəне тұрғынжаймен қамтамасыз етілмеу кезеңдері ескеріле отырып, мемлекеттік статистика саласындағы уəкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын оның ағымдағы жылғы қаңтардағы деректеріне сəйкес арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе əскери қызметші қызмет өткеріп жүрген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жайластырылған тұрғынжайды жалға алу ақысының бір шаршы метрі құнының мөлшерін тұрғын үй төлемдерін алушының өзін қоса алғанда, отбасының əрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр есебімен алынған тұрғынжай алаңына көбейту арқылы айқындалады.

Осы тармақтың күші арнаулы мемлекеттік органның қызметкеріне жəне əскери қызметшіге, егер олар не олардың жұбайы (зайыбы):

1) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса;

2) біржолғы тұрғын үй төлемдерін немесе ақшалай өтемақы алса;

3) тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемелерді орындаса;

4) тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттеме орындалмаған, сондай-ақ тұрғынжайды мұрагерлік бойынша алған жағдайды қоспағанда, осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы бар болса, қолданылмайды.

2. Тұрғын үй төлемдерін алушыға осы баптың 1-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдері, егер оның тұрғынжайға құқығы олар некеге тұрғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейін іске асырылса, оның зайыбы (жұбайы), сондай-ақ оның баласы (балалары) есепке алынбай жүзеге асырылады.

Егер арнаулы мемлекеттік органның қызметкері жəне əскери қызметші тұрғын үй төлемдерін алушылар болып табылса, осы баптың 1-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдерін тағайындау жүзеге асырылады.

Тұрғын үй төлемдерін алушыны жеке құрам тізімдерінен алып тастау берілген баянатына сəйкес оған төленбеген біржолғы тұрғын үй төлемдерін тағайындауға жəне жүзеге асыруға кедергі болмайды.

Жеке құрам тізімдерінен алып тасталған Қазақстан Республикасының азаматы осы баптың 1-тармағының бірінші жəне бесінші бөліктерінде көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін тізімдерден алып тасталған күннен бастап тоқсан күн ішінде қызмет өткерген мемлекеттік мекемеге жүгінуге құқылы. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін жүгінген жағдайда мемлекеттік мекеме біржолғы тұрғын үй төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.

3. Осы баптың 1-тармағының бірінші жəне бесінші бөліктерінде көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдерінің сомасы тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша негізгі борыш сомасынан асатын жағдайларда көрсетілген төлемдер қызметтен шығарылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күнге сыйақы ескеріле отырып, негізгі борыш сомасынан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.

4. 2025 жылғы 1 шілдеге дейін тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемелері бар əскери қызметшілер (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің əскери қызметшілерін қоспағанда) қатарынан тұрғын үй төлемдерін алушыларға біржолғы тұрғын үй төлемдерінің мөлшері осы баптың 3-тармағы ескерілмей айқындалады.

 

2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 101-13-баппен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

101-13-бап. Əскери қызметшілерге ақшалай өтемақы

2013 жылғы 1 қаңтарға күнтізбелік есептеуде он жəне одан да көп жыл əскери қызметте болған, күнтізбелік есептеумен жиырма жəне одан да көп жыл əскери қызмет мерзімі бар жəне жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын əскери қызметшінің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларына сəйкес ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.

Осы бапта көзделген ақшалай өтемақы, егер əскери қызметшінің не оның жұбайының (зайыбының):

1) тұрғынжайда елу пайыздан аз үлесінің болуын не тұрғынжайды мұрагерлік бойынша алуын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайы болса;

2) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса;

3) біржолғы тұрғын үй төлемдерін немесе ақшалай өтемақы алса;

4) соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік (пайда болу) құқығында өзіне тиесілі тұрғынжайды иеліктен шығаруды жүргізсе, төленбейді.

Бұл ретте əскери қызметшіге осы баптың бірінші бөлігінде көзделген ақшалай өтемақы, егер оның тұрғынжайға құқығы олар некеге тұрғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейін іске асырылса, оның зайыбы (жұбайы), сондай-ақ оның баласы (балалары) есепке алынбай төленеді.

Ақшалай өтемақы мөлшері бұрын жүзеге асырылған ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің сомасы шегеріле отырып, мемлекеттік статистика саласындағы уəкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын оның ағымдағы жылдың қаңтар айындағы деректеріне сəйкес Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен жаңа тұрғынжайды сатудың бір шаршы метрінің құнын əскери қызметшінің өзін қоса алғанда, отбасының əрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр алаң есебімен тұрғынжай алаңына көбейту арқылы айқындалады.

Ақшалай өтемақы төленген адамдар ақшалай өтемақы төленген күннен бастап үш айдан кешіктірмей, қызметтік тұрғынжайды белгіленген тəртіппен тапсырады.

 

2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 101-14-баппен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

101-14-бап. Жеке арнайы шот

1. Тұрғын үй төлемдерін алушы екінші деңгейдегі банкте бір ғана жеке арнайы шот ашады жəне оны пайдаланады.

2. Тұрғын үй төлемдері тоқтатылған жағдайда мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемдері тоқтатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей мемлекеттік мекеменің банктік шотының деректемелерін көрсете отырып, екінші деңгейдегі банкке ағымдағы тұрғын үй төлемдерін тоқтату туралы хабарлама хат жолдайды.

Тұрғын үй төлемдерін алушы тұрғын үй төлемдері тоқтатылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жеке арнайы шотын жабуды жəне тұрғын үй төлемдерінің қалған сомасын мемлекеттік мекеменің хабарлама хатында көрсетілген деректемелерге сəйкес мемлекеттік мекеменің банктік шотына аударуды өтініп екінші деңгейдегі банкке жүгінуге міндетті.

Тұрғын үй төлемдері тоқтатылған жəне жинақ шоты болған кезде тұрғын үй төлемдерін алушы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі жинақтарды толықтыру мақсатында түскен тұрғын үй төлемдерінің сомаларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен мемлекеттік мекеменің хабарлама хатында көрсетілген деректемелерге сəйкес кейіннен мемлекеттік мекеменің банктік шотына аудару үшін оларды жеке арнайы шотына аудару үшін екінші деңгейдегі банкке жүгінуге міндетті.

3. Қызметтен шығарылған құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері жəне əскери қызметші жеке арнайы жəне жинақ шоттарындағы тұрғын үй төлемдерін осы Заңның 101-5-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақшаларында көрсетілген мақсаттарға ғана пайдаланады.

 

2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 101-15-баппен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

101-15-бап. Кейбір тұрғын үй төлемдерін алушылар құқықтарының ерекшеліктері

1. Тұрғын үй төлемдерін алушы:

1) тұрғынжайды меншікке алу, оның ішінде төлемдерді бөліп төлеу немесе ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалану арқылы алу;

2) кейіннен сатып алынатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу;

3) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жарналарды төлеу;

4) тұрғын үй жəне тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу кезінде жарналарды төлеу;

5) тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемелер орындалғанға дейін «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 2025 жылғы 1 шілдеге дейін жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындағанға дейін ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алу құқығын сақтайды.

Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ағымдағы тұрғын үй төлемдері осы Заңның 101-4-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда тоқтатылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің күші қызметтен шығарылған адамдарға қолданылмайды.

2. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе əскери қызметші не оның жұбайы (зайыбы) біржолғы тұрғын үй төлемдерін, ақшалай өтемақыны алған, тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырған немесе тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемені орындаған жағдайларда, сондай-ақ оларда тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайға меншік құқықтары пайда болған жағдайда, тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеуге арналған ағымдағы тұрғын үй төлемдері 2025 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған кезде ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшері осы Заңның 101-1-бабы 1-тармағы төртінші бөлігінің талаптары ескеріле отырып қайта қаралуға жатады.

 

 

2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 14-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

14-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердi және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған

тұрғын үйді пайдалану құқығын тоқтату және олардан шығару

 

2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 102-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

102-бап. Жалдаушының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзуы

2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа реадкцияда (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушы (қосымша жалдаушы) кез келген уақытта (кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімімен) жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзуға құқылы.

2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Жалдаушы (қосымша жалдаушы) мен отбасы мүшелері тұрақты тұру үшін басқа жаққа көшіп кеткен жағдайда тұрғын үйді жалдау шарты олар кеткен күннен бастап бұзылды деп есептеледі.

 

2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 103-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

103-бап. Жалға берушінің талап етуі бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзу және жалдаушыны (қосымша жалдаушыны) тұрғын үйден шығару

1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты жалға берушінің талап етуімен осы Заңда белгіленген негіздер бойынша ғана бұзылуы мүмкін.

2. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерден және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерден шығаруға жалдау (қосымша жалдау) шарты бұзылған реттерде, сондай-ақ осы Заңда көзделген басқа негіздер бойынша жол беріледі.

3. Мемлекеттік тұрғын үй және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорынан басқа жарамды тұрғын үй берместен ата-ана қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларды шығаруға жол берілмейді.

 

2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 104-бап өзгертілді

104-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан басқа тұрғын үй беру арқылы шығару

1. Азаматтар осы Заңның 107-бабында, 108-бабының 1-тармағында, 111 және 114-баптарында көзделгенiнен басқа реттерде мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйден және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй берiлiп шығарылады.

2. Осы Заңның 91-бабының 1-тармағында және 103-бабының 3-тармағында көрсетiлген реттерде тұру үшiн жарамды басқа тұрғын үй-жай берiледi.

3. Үйден шығару туралы талап етушi заңды тұлға басқа тұрғын үй берiлуiн қамтамасыз етедi.

 

2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 105-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

105-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй беру арқылы үйден шығару негiздерi

2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Мына реттерде:

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) егер көппәтерлі тұрғын үй жер учаскесiнiң мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылуына байланысты бұзылуға жататын болса;

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) егер көппәтерлі тұрғын үй одан әрі тұру (болу) үшін жарамсыздығына байланысты қайта жабдықтауға жататын болса;

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) егер көппәтерлі тұрғын үй авариялық деп танылса;

4) тұрғын үйдi күрделi жөндеудiң нәтижесiнде тұру жағдайы айтарлықтай өзгерсе (осы Заңның 91-бабының 2 және 3-тармақтары);

5) тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты осы Заңның 108-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша жарамсыз деп танылса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты бұзылуы, ал жалдаушы (қосымша жалдаушы) тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй беріліп шығарылуы мүмкін.

2. Босатылған үйдiң орнына берiлетiн тұрмысқа жайлы тұрғын үй осы Заңның 75 және 76-баптарының, 106-бабындағы 2, 3, 4-тармақтардың талаптары мен ережелерiне сай келуге тиiс.

 

2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 106-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

106-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерден шығарылуына байланысты азаматтарға берiлетiн тұрғын үй

1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерден шығарылуына байланысты азаматтарға берiлетiн басқа тұрғын үй осы Заңның 75 және 76-баптарының талаптарына сай келуге және шығарылған адамдар тұрған бұрынғы тұрғын үйдiң көлемiнен кем болмауға тиiс.

2. Егер жалдаушы (қосымша жалдаушы) бұрын бiр бөлмеден артық алаңда тұрған болса, оған сонша бөлмелер санынан тұратын жеке тұрғын үй берiлуге тиiс.

3. Егер жалдаушыда (қосымша жалдаушыда) артық алаң болса, тұрғын үй осы Заңның 75-бабындағы 1-тармақта көзделген нормаларға сәйкес берiледi, ал қосымша алаңға құқығы бар жалдаушыға (қосымша жалдаушыға) немесе онымен бiрге тұратын адамға - қосымша алаңға құқығы ескерiле отырып берiледi.

4. Бұзылатын үйде кемiнде он бес жыл тұратын азаматтарға олардың қалауы бойынша басқа жайлы тұрғын үй бұзылған құрылыстың орнына немесе соған жақын жерден салынған тұрғын үйлерден берiледi. Бұл азаматтар осындай тұрғын үй берiлгенге дейiн осы баптың 5-тармағының талаптарына сәйкес келетiн уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етiледi.

2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Тұру үшiн жарамды тұрғынжай осы елдi мекен шегiнде болуға әрі санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келуге тиiс.

Көшiп-қону азаматтың тұрғын үй жағдайының, осы Заңның 69-бабында көрсетiлгенiндей, тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаждыққа әкелiп соқтырмауға тиiс. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) осы Заңның 105-бабындағы 1-тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда көшiп-қонуға байланысты шығындарын жалға берушi өтеуге тиiс.

6. Осы Заңның 105-бабында көзделген негiздер бойынша азаматтарды шығаруға байланысты даулар сот тәртібімен шешiледi.

Осы Заңның 108-бабындағы 2-тармақта көзделген жағдайдан басқа реттерде, жалға алушыны шығару туралы сот шешiмiнде шығарылған адамға берiлетiн тұрғын үй, осы тұрғын үй орналасқан мекен-жай көрсетiле отырып жүргiзiлуге тиiс.

 

2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңымен 107-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

107-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайдан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайдан басқа тұрғынжай берілмей шығару негіздері

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайдан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайдан, егер:

1) жалға алушы (қосымша жалға алушы), оның отбасы мүшелері тұрғынжайды үнемі қиратса немесе бүлдірсе;

2) жалға алушы (қосымша жалға алушы), оның отбасы мүшелері тұру (болу) шарттарын үнемі бұзу арқылы басқа адамдардың өздерімен бір тұрғынжайда немесе бір көппəтерлі тұрғын үйде тұруына мүмкіндік бермесе;

3) жалға алушы (қосымша жалға алушы), оның отбасы мүшелері дəлелді себептерсіз тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеуден қатарынан алты ай бойы жалтарса;

4) адамдар ата-аналық құқығынан айырылған болса жəне олардың ата-аналық құқықтарынан айырылуына байланысты балаларымен бірге тұруы мүмкін емес деп танылса;

5) адам тұрғынжайға өз бетімен басып кіріп алса;

6) тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шарты осы Заңның 108-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жарамсыз деп танылса;

7) мұрагерлік, сыйға тарту тəртібімен тұрғынжайды меншікке сатып алуды қоспағанда, жалға алушы (қосымша жалға алушы), жалға алушының (қосымша жалға алушының) жұбайы (зайыбы) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жеріне қарамастан, меншік құқығындағы тұрғынжайды сатып алса, басқа тұрғынжай берілмей шығаруға жол беріледі.

Мұрагерлік, сыйға тарту тəртібімен тұрғынжайды сатып алған жағдайда, жалдаушы (қосымша жалдаушы), жалдаушының (қосымша жалдаушының) жұбайы (зайыбы) он екі ай ішінде сатып алынған тұрғынжайды иеліктен шығаруға не мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды қайтарып беруге міндетті;

2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) осы Заңның 111-бабында (101-бабының 3, 4 немесе 4-1-тармақтарында, 109-бабының 2, 2-1 немесе 2-2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда) жəне 114-бабында көзделген негіздер туындаса;

9) осы Заңның 85 жəне 86-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жалға алушы (қосымша жалға алушы) тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шартын жаңа мерзімге қайта жасасудан жергілікті атқарушы органнан хабарлама алған күннен бастап үш ай бойы жалтарса;

10) жалға алушы (қосымша жалға алушы), оның отбасы мүшелері жалға берушінің жазбаша келісімінсіз тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шарты бойынша тұрғынжайға тұрғындарды кіргізсе не оған уақытша тұрғындарды тұрғызса;