Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға берудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 55 бұйрығы
(2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы:
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 24 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 26 маусымдағы № 86 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 56-бабының 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1- қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингін жүзеге асыру қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу әдістемесі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциясының құнын айқындау әдістемесі;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізу әдістемесі;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу қағидалары.