««Электрондық үкіметтің» архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 193/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 1 тамыздағы № 310/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. ««Электрондық үкіметтің» архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 193/НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19249 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыру және іске асыру мониторингі қағидаларында:
3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Электрондық үкіметтің» архитектурасы акт-жобаларды тиімді басқару және оларды ЭҮ ИКП-да іске асыру мақсатында домендік модель негізінде мемлекеттің нысаналы клиентке бағдарланған архитектурасын қалыптастыруға арналған.
ЭҮ ИКП архитектурасын «электрондық үкімет» сервистік интегратормен және уәкілетті органмен келісім бойынша «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы қалыптастырады және бекітеді.»;
6-тармақтың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: