Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 шешімі
(2017.30.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 ж. 22 ақпанда және 2019 жылғы 1 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2017.30.05. № 160 шешімімен тақырыбында, бүкіл мәтіні бойынша және қосымшаларында «ставкалары», «ставкаларының» сөздері «мөлшерлемелері», «мөлшерлемелерінің» сөздерімен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Орман Кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына, «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексінің 506-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Орман пайдалану төлемінен түскен қаражат жергілікті бюджет кірісіне жіберілсін.
3. Орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері мөлшері мәліметін төлемшілерге жеткізу «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-не (келісім бойынша), Ақтөбе қаласы және аудандардың әкімдеріне (келісім бойынша) ұсынылсын.
4. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3202 тіркелген, «Ақтөбе» газетінің 2007 жылғы 28 сәуірдегі № 52-53 және «Актюбинский вестник» газетінің 2007 жылғы 3 мамырындағы № 54-55 жарияланған) облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 342 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.