«Кентау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 160 «Кентау қалалық ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 5 қазандағы № 79 шешiмi (күші жойылды)

Кентау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 160 «Кентау қалалық ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 5 қазандағы № 79 шешiмi

 

Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 157 шешiмiмен күші жойылды

 

ШЕШТІ:

1. Кентау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 160 «Кентау қалалық ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4643 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Кентау қалалық ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 21 маусымдағы №65 бұйрығына сәйкес әзірленді.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:

бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

ауыл бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

ауылдың коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі ауыл әкімі аппаратының шешімдерін келісу;

бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

ауыл бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

ауылдың коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.