Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 289 бұйрығы
(2022.02.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2022.16.11. № 327 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 2 желтоқсанан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2022.16.11. № 327 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 2 желтоқсанан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын қалыптастыру қағидалары бекітілсін;
2. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Мыналар күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 02-02-18/169 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7193 болып тіркелген, 2011 жыл 18 қазан № 501-502 (26894) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);