«Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 451 бұйрығы (2023.03.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 451 бұйрығы

(2023.03.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 422 бұйрығымен күші жойылды

 

«Жол жүрiсi туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 89-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

 

Ә. Исекешев

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.