«Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 6001-24-7-6/19 «Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 6001-25-7-6/114 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 6001-24-7-6/19 «Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 6001-25-7-6/114 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 106 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі туралы ереженің 18-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі (бұдан әрі Сот әкімшілігі) басшысының 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 6001-24-7-6/19 «Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» бұйрығына келесі толықтыру енгізілсін:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:

«22) Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Кассациялық соттар департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес бекітілсін.».

2. Сот әкімшілігінің Персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Сот әкімшілігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Сот әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері осы бұйрықтан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.