«Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларын және Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 25 мамырдағы № 393 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 29 қарашадағы № 93 бұйрығы

 «Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларын және Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 25 мамырдағы № 393 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 29 қарашадағы № 93 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларын және Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 25 мамырдағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17053 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларында:

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Аумақтық бөлімше паспортты тексергеннен кейін бір данасын геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру жөніндегі ұлттық операторға жібереді.»;

16, 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Аумақтық бөлімше есепке алу парағын және (немесе) есепке алу карточкасын тексергеннен кейін, оның бір данасын геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру жөніндегі ұлттық операторға жібереді.

17. Геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру жөніндегі ұлттық оператор келіп түскен паспорттарды, есепке алу парақтарын және есепке алу карточкаларын Бірыңғай кадастрға енгізеді және:

1) материалдарды жинауды, есепке алуды, жүйелеуді және сақтауды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.