Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығы
(2024.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 ж. 1 шілдеге дейін қолданылған редакция
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020.31.03. № 174 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-14) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
«Құрылыс салудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 238 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10523 тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
«Жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеудің және берудің, сондай-ақ жаңа объектілер салуға және қазіргі бар объектілерді (ғимараттар, құрылыстар, олардың кешендерін және коммуникацияларды) өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерден өтудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 293 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10633 тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.