«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 515 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 60 бұйрығы

 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 515 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 60 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 515 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12012 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің ең төмен әлеуметтік стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Оқу-ағарту министрі

 

Г. Бейсембаев

 

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрі

2025 жылғы 31 наурыздағы

№ 60 бұйрығына қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 6 тамыздағы

№ 515 бұйрығымен бекітілген

 

 

«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің»

ең төмен әлеуметтік стандарты

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.