Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы статистика саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (Алматы қ., 1997 жылғы 11 қарашада)

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы статистика саласындағы ынтымақтастық туралы

келісім

(Алматы қ., 1997 жылғы 11 қарашада)

 

Мұнан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі

Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы статистика саласындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды кеңейтуді өзара дамытуды негізге ала отырып,

мұндай ынтымақтастың, халықаралық ынтымақтастықтың жалпы құрылымының құрамды бөлігі болатынын ескере отырып, төмендегілер жөнінде келісті:

 

 

1 - бап

 

Тараптар төмендегі өрістер мен мәселелерді назарға ала отырып, тікелей ынтымақтастықты іске асыратын болады:

- статистикалың тексеру методологиясын;

- кәсіпорындар статистикасын;

- бағалар статистикасын;

- Қазақстан Республикасы мен Грузияның халықаралық еңбек бөлісіндегі орынын бейнелейтін экономика салаларының статистикасын;

- халықтың тұрмыс деңгейі статистикасын;

- демографиялың статистиканы;

- жұмыспен қамту мен жұмыссыздық статистикасын;

- әлеуметтік өрістер статистикасын (денсаулық сақтау, білім, мәдениет);

- Қазақстан Республикасы мен Грузияның әлеуметтік және экономикалық өміріндегі болып жатқан өзгерістерді бейнелейтін екі жақты статистикалық салыстыру;

Тараптар қажет болған жағдайда, сондай-ақ өздері мақсатқа сәйкес деп табатын басқа да келісілген мәселелер ынтымақтастығын көздейтін болады.

 

 

2 - бап

 

Тараптар арасындағы ынтымақтастық әр түрлі нысандарда іске асырылатын болады, атап айтқанда:

- статистиканы ұйымдастыру мен методология саласындағы тәжірибемен алмасу;

- делегациялармен, сарапшылармен және мамандармен алмасу;

- оқу курстарын, семинарларды, стажировкалармен және басқа да сол сияқты іс-шараларды ұйымдастыру;

- статистикалық материалдармен алмасу (жарияланымдар, сауалнамалар және т.б.)

 

 

3 - бап

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.