Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 181 бұйрығы
(2025.05.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Туризм және спорт министрінің 2024.23.12. № 233 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2023.01.07. № 165 бұйрығымен (2023 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Туризм және спорт министрінің 2024.23.12. № 233 бұйрығымен (2025 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген ережесінің 15) тармағының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Туризм және спорт министрінің 2024.23.12. № 233 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Персоналды басқару қызметі:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;