«Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 63 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2026 жылғы 7 қазандағы № 255 бұйрығы

«Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 63 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2026 жылғы 7 қазандағы № 255 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің «Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» 2021 жылғы 10 наурыздағы № 63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тізілімінде № 23235 болып тіркелген) (бұдан әрі - Әдістеме) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесінде:

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Жол берілетін шығарындылар нормативтері ластаушы заттар тізбесіне енгізілген әрбір ластаушы зат үшін мынадай түрде белгіленеді:

1) ластаушы заттың массалық шоғырлануы;

2) ластаушы заттың жаппай ағымының жылдамдығы.

Шығарылатын газдардың жаппай ағымының көлемі мен жылдамдығына қатысты көрсеткіштер 273.15 К және 101.3 кПа стандартты жағдайларында және егер Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында өзгеше тікелей көзделмесе, су буының құрамы шегерілгеннен кейін айқындалады.

Ластаушы заттың массалық шоғырлану көрсеткіштері атмосфералық ауаны қорғау тұрғысынан оны пайдаланудың неғұрлым қолайсыз жағдайларында шығарындылардың стационарлық көзінің қалыпты (регламенттік) жұмысының күнтізбелік бір тәулік ішінде шығарындының тиісті көрсеткіштерін орташаландыру жолымен айқындалады.

Ластаушы заттың жаппай ағыны жылдамдығының көрсеткіштері оны пайдаланудың атмосфералық ауаны қорғау тұрғысынан неғұрлым қолайсыз жағдайларда шығарындылар көзінің қалыпты (регламенттік) жұмысының бір сағаты ішінде шығарындының тиісті көрсеткіштерін орташаландыру жолымен айқындалады.

Жол берілетін шығарындылар нормативтерін есептеу үшін атмосфераға ластаушы заттар шығарындылары параметрлерінің кестесі осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.