«Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 мамырдағы № 121 Қаулысы
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2017 жылғы 13 ақпандағы № 03/120 ұсынымы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 202 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3437, 2014 жылғы 9 тамыздағы № 91 (17028) «Дидар», 2014 жылғы 11 тамыздағы № 91 (19538) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулыға 1, 2 қосымшалар осы қаулыға 1, 2 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2017 жылғы 4 мамырдағы
№ 121 қаулысына 1 қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы 28 шілдедегі
№ 202 қаулысына 1 қосымша
Шығыс Қазақстан облысы аумағында жатаған (қызғылт) укекіремен (аcroptilon repens (D. C.)
зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимі енгізілген карантин аймағы