Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 - 2019, 2019 - 2020, 2020 - 2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 Қаулысы
Осы редакция 2018 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2018 - 2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 - 2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2018 - 2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
4) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 - 2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
5) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2019 - 2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
6) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2019 - 2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
7) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2019 - 2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
8) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2019 - 2020 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;