«Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығы (2025.06.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығы

(2025.06.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025.16.07. № 66 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023.14.04. № 72 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 42) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025.16.07. № 66 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар және мамандандырулар номенклатурасы;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.